Басты » Редакция таңдауы » ҚАЙЫРШЫЛАР МЕН БАЛГЕРЛЕР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАТЫН БОЛДЫ

ҚАЙЫРШЫЛАР МЕН БАЛГЕРЛЕР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАТЫН БОЛДЫ

Қаланың қай бұрышына барсаңызда ала дорбасын асынған қайыршылар кесе көлденең шыға келетіні белгілі. Қоғамда қалыпты жағдайға айналып кеткені соншалық көпшілік оған мән де беріп жатпайды. Ал, арды шетке сырып қойған кейбір қайыршылар тіпті бермегеніңізді тартып алуға дейін барады. Қоғамдағы осындай ол қылықтарға заңмен шектеу қойылмақ. Келер жылдан бастап, жол жиегінде отырып тіленетіндер мен балгерлерге шара көріледі. Ол қандай шара? Әріптесім айтып береді.

     Денсаулығында кінәраты бар, жұмысқа жарамсыз мүгедек жандар жол жиегінде отырып, көптен көмек сұрағандарға қолдан келгенше қол ұшын беріп жататыныз бар. Оны ешкім міндет тұтпайды. Тек, жанды жабырқататыны он екі мүшесі сау, тепсе темір үзетін азаматтар мен азаматшалар жеңнен тартып, қолыңдағы қаржыға қадалатындығы. Оның алқымнан алып тұрғанына қарап, қарны ашып, қадірі қашқан деп ойлаудан да қаласыз. Себебі, олардың қайыр сұрағаны – қарызын сұрағандай әсер қалдырады. Өз кезегінде мұның да өз шешімі табылып, заңмен шектеу қойылатын болды. Заңнамаларға жоғарыда аталғандай өзгертулер мен толықтырулардың енетінін естіген қайыршылар да селт етпей қалмады. Қайыршылықты кәсіп еткендер біз ұрлық жасап ешкімге зиян тигізген емеспіз дейді. Айта кетсек, қоғамды қайыршылардан тазарту шаралары бұған дейін де қолға алынған болатын. Оларда тым болмағанда жеке басын анықтайтын құжаты болмаған соң да тиісті деңгейде шара көрілмей қаланы жайлап кеткен-ді. Ал, енді жаңа заң қандай нәтиже беретіні тек уақыттың еншісінде.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*