Басты » Редакция таңдауы » ОҢТҮСТІКТЕ ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ОҢТҮСТІКТЕ ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері арасында  жылдың ең үздіктері анықталды. Биыл алғаш рет 13 азамат, түрлі номинация бойынша жеңімпаз деп танылды. Бүгін еңбегімен көзге түскендерді облыс әкімі мен өңірдің құрметті азаматтары арнайы марапаттап алғысын білдірді.

Оңтүстікте уақыт өте заманауи технологиялармен жабдықталған, орта және ірі кәсіпорындар мен зауыттар бой тіктеп, талапқа сай келетін тауарлар сыртқы нарыққа шығарылуда. Ел экономикасын еселеуде алар орны бөлек өндіріс ошақтарының дамуы Елбасының сарабдал саясытымен жүзеге асуда. Мемлекеттік түрлі бағдарламалар мен жеңілдіктер өз ісіне ден қойып өркендетем дегендерге таптырмас мүмкіндіктермен ұштасуда. Кезегі келгенде бәсекелестік ортада суырылып шығып, нәтижелі жұмыс көрсеткендердің абыройы тағыда асқақтады.

     Биыл алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында әр сала бойынша 13 номинацияның жеңімпаздары марапатталды. Яғни өткізілген конкурстың ережесіне сәйкес, жылдың үздік кәсіпкері, үздік инвестор, үздік инновациялық жоба, үздік әйел кәсіпкер, үздік жас кәсіпкер сынды номинация табысталды. Керемет зәулім ғимартқа жиналғандар, жылдың үздіктеріне құрмет көрсетіп қошеметтеп отырды.

     Бастапқыда жарты гектар жылыжай соғып, бүгінде өз ісінің нағыз маманы атанып отырған Ілияс Бейсебаев, жылдың үздік жас кәсіпкері номинациясын жеңіп алды. 28 жасар кәсіпкер болашақта ішкі нарықты көкөніс пен толық қамтамасыз етуге өз үлесімді қосуға дайынмын дейді. Ол үшін арнайы жоспарларында жасап қойған.

      Бұл жолғы іс-шараға Облыстың бизнес саласына ерекше үлес қосқан кәсіпкерлері мен инвесторлары, ірі шетелдік және  жергілікті компаниялардың басшылары сондай-ақ атқарушы органдардың уәкілдері арнайы қатысты.

Нұржігіт ТҰМАНБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*