Басты » Мәдениет » ШЫМШАҺАР ƏСЕМ ƏУЕН, СЫРЛЫ САЗҒА БӨЛЕНДІ

ШЫМШАҺАР ƏСЕМ ƏУЕН, СЫРЛЫ САЗҒА БӨЛЕНДІ

Шымшаһар əсем əуен, сырлы сазға бөленді. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымы тыңдармандарына жаңа концерттік бағдарламасын ұсынды. Жалынды əндер ерекше əуезбен əрленіп, өзгеше сарынға ендіФилармония ұжымы үнемі ізденіс үстінде жүріп, дамыл таппай дайындалады. 11 ай бойы гастрольдік сапардан қол үзбей, өңірмізбен қатар өзге облыстарды аралап өнер көрсетеді. Мәселен, 2015 жылы 1 маусымда халыққа 80 концерт өткізіпті. Өнер ордасында 8 ұжымнан құралған шығармашылық топта 130-дан астам адам қызмет етеді. Əншілері əр ай сайын қоржындарын тың туындылармен толықтырады. Олардың бірі Сүндет Миралиев. Филармония əншілері енді ел егемендігінің 25 жылдығына орай Астана қаласында өтетін ОҚО мәдениет күндері аясында өнер көрсетеді.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*