АДАМ ӨЛТІРДІ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ЖІГІТ АҚТАЛЫП ШЫҚТЫ - Шымкент жаналықтары
Басты » Қылмыс » АДАМ ӨЛТІРДІ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ЖІГІТ АҚТАЛЫП ШЫҚТЫ

АДАМ ӨЛТІРДІ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ЖІГІТ АҚТАЛЫП ШЫҚТЫ

Адам өлтірді деп айыпталған жігіт ақталып шықты. Алқа билердің қатысуындағы сот отырысы осымен екінші рет өткізілуде.  3 баланың әкесі Сабыржан Есетханұлы сыбайластарымен бірге 4 адамның біреуін өлтіріп, үшеуін жаралағаны айтылған еді. Осы қылмыстық топты ұйымдастырып, қару қолданған Кадиров 20 жылға сотталып кетті. Ал сыбайласы ретінде тіркелген Сабыржан екінші рет ақталып отыр. Алайда соттың берген жазасымен екінші тараптың туыстары келіспейді. Олар қылмыскер жазасын алуы тиіс деп отыр. Әділетсіздік орнады деп, сот залында шу шығарды. Қанды оқиға 2015 жылы 22 наурызда түнгі сағат 22:00 дер шамасында орын алған. Мереке қарсаңында спорттық ойыннан сынға түскен апталдай жігіттердің арасында ерегіс басталып соңы төбелеске ұласқан. Ақырында қару қолданған жігіттердің бірі оққа ұшты. Қазіргі таңда айыпты деп танылғандардың 3 ші сыбайласы әлі күнге іздестіріліп жатыр.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*