Басты » Қоғам » ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ ЖОЛДЫҢ САПАСЫНА НАРАЗЫ

ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ ЖОЛДЫҢ САПАСЫНА НАРАЗЫ

Әлеуметтік желі қолданушылар жолдың сапасына қатысты наразылығын ғаламторда жарыса білдіруде. Олар астаң-кестеңі шыққан жолдардан жүру мүмкін еместігін ашына жазуда. Әсіресе Шәуілдір-Арыстанбаб тас жолына қатысты сыни пікір, әп сәтте әр түрлі талқыға ұшыраған. Тіпті кейбірі жол азабын айтып жеткізу мүмкін емес дейді. Желіде біраз талқылауға ұшыраған мәселеге қатысты мамандардың да жауабы дайын екен. Жалпы Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолының 846 шақырымы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтеді. Оның әзірге 417 шақырымы пайдалануға берілген. Алдағы уақытта Қызылорда бағытындағы құрылыс толығымен аяқталуға жақын. Бірақ бұл жол ақылы жүйеге 2022 жылға дейін біртіндеп жүзеге асады.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*