Басты » Мәселенің түйіні » ОРДАБАСЫ МЕН ТҮРКІСТАН АУДАНЫНЫҢ ШЕНЕУНІКТЕРІ ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН

ОРДАБАСЫ МЕН ТҮРКІСТАН АУДАНЫНЫҢ ШЕНЕУНІКТЕРІ ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН

Ордабасы ауданы мен Түркістандық шенеуніктер мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру барысында заңсыздыққа жол берген. Аталған жағдай тәртіптік кеңестің кезекті отырысында тақыланды. Жиында Ордбасы ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Батыралы Дүйсенбаевтың ісі қаралды. Заң қызметкерлерінің айтуынша, аталған басшы жер учаскелерін жалға беруді ұйымдастыру барысында бірқатар заңсыздықтарға жол берген. Мемлекеттік сатып алу байқауына қатысқан бірнеше азаматтың құжатынан шикіліктер табылған. Тіпті кейбірі ауыл шаруашылығы техникасының орнына өзі мініп жүрген жеңіл көліктерін жазып жіберген. Ал Түркістан қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әбутәліп Асановқа прокурорлар тарапынан екі бірдей айып тағылды. Біріншіден елдімекендердің санитарлық тазалық жұмыстарын жүрізу бойынша өткен конкурстан мүгедектер қоғамдық бірлестігін шеттетсе, екіншіден кеңсе заттарын сатып аларда, заңсыздықтарға жол берген. Алайда киелі шахардан келген шенеунік тағылған айыптардың негізсіз екендігін дәлелдегісі келді. Оның айтуынша, кеңсе заттарын сатып алу байқауын ережеге сай орындаған. Ал санитарлық тазалық жұмыстарын жасаудан қоғамдық бірлестіктердің өздері бас тартқан. Қос тараптың пікірлерін таразыға салған кеңес мүшелері Абутәліп Асановтың тәртіптік ісін тоқтату керек деген байламға келді. Ал балабақша меңгерушісін дөрекі сөздермен балағаттаған Ордабасы ауданы әкімінің Орынбасары Әділбек Шынасұлы ескертумен жазаланды.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*