Басты » Қылмыс » ӨЗ ӘЙЕЛІНЕ ОРАҚ ТЫҒЫП ӨЛТІРГЕН АЗАМАТ 12 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

ӨЗ ӘЙЕЛІНЕ ОРАҚ ТЫҒЫП ӨЛТІРГЕН АЗАМАТ 12 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

00786-mts_snapshot_00-01_-2016-09-23_11-45-07

49 жастағы Ерғазы Нұржауов жиырма жылдан бері отандасқан жұбайын өз қолымен өлтірген. Бұл жантүршігерлік оқиға Сайрам ауданында 2016 жылдың 1- тамызында кешкі сағат 20:30 да орын алды. Араққа сылқия тойып әйелін жау көрген Нұржауов, келіншегіне жүзі өткір орақты тығып алған. Бұл отбасын бұрыннан танитын жандардың айтуынша елуге таяған азамат, осы уақытқа дейін жарытып жұмыста істемеген. Әрі аузы арақтан босамайтын еді дейді. Қарап жүрмей қылмыста жасап үлгерген ол, енді 12 жылын қатаң режимдегі темір торда жазасын өтейтін болады. Қазіргі таңда оның артында 20 жасар бір баласы қалды.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*