Басты » Қоғам » ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛАДЫ

Тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталады. Мемлекеттік барлық емханаларда жүргізілетін вакцинаға биыл халықтың 17,8 пайызы қамтылады деп күтілуде. Олар зейнеткерлер, мүгедектер, әртүрлі аурудың асқынған түрлерімен ауыратындар мен жүкті әйелдер. Бұл топтағыларға облыстық бюджет есебінен 439 млн теңге бөлініп, 500 мың доза екпе алынып отыр. Тегін жүргізілетін вакцинация қазан айының 1-нен басталып, қарашаның 15-не дейін жүргізіледі. Ал жүкті әйелдер үшін желтоқсанның біріне дейін жалғасады. Мамандар екпе салдырған адамдар да вирусты жұқтыруы мүмкін дейді. Дегенмен вакцинацияланған ағзада ауру жеңіл өтеді. Сырқаттан қорғанамын дегендер екпені ақылы түрде салдыртуға болады. Бағасы әр мекемеде әртүрлі. Екі мен екі жарым мың теңге аралығында.

Гүлзира БАЙДУЛЛАЕВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*