Басты » Редакция таңдауы » ТҮРКІСТАНДЫҚТАР КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Жаңа-жыл қарсаңында Түркістан қаласындағы 443 отбасы көгілдір газға қол жеткізді. «КазТрансГаз» компаниясы жыл соңына дейін 5 мыңға жуық киелі шаһар тұрғынның өтінішін орындауға дайын. Аталмыш серіктестік, жетім балаларды қамқорлығына алған аяулы жанды арнайы сыйлықпен қуантты.

     Бөтеннің балаларын бауырына басқан Балауса Айтбаева тосын сыйға тап болды. Қараусыз қалған екі жетім баланы қолына алып асырап отырған ана, жаңа жыл қарсаңында көгілдір газға қол жеткізді. «КазТрансГаз» АҚ-ы атқарылған жұмыстарды тегін жасап, газ плитасын тарту етті.

     «Бекзат» мөлтек ауданынан түскен 2 мыңға жуық өтініш бойынша көгілдір отынмен қамту ісі биыл жыл басында басталған. Бүгінде, жоспардағы жұмыстардың тең жартысынан астамы аяқталып қалған. Бұл тірлікке көңілі толған ауылдың үлкендері өз алғыстарында білдірді.

     Маңызды шаруаны мойнына алған «НС Люкс» серіктестігі, осы жылдың соңына дейін 5 мыңға жуық тұрғынды көгілдір отынмен қамтымақ.  Тапсырыс беруші КазТрансГаздың басшылары бұл тірліктің аяқсыз қалмайтынына уәде беріп отыр.

     Біздің мақсатымыз «Халықты жылумен қамту»- деп ұрандатқан компания мамандары, болашақта Түркістандықтар түгел көгілдір отынмен қамтылатынына сенімді.

Бағдат ҮЙСІНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*