Басты » Мәдениет » ШЫМКЕНТТІКТЕР 5 КҮН БОЙЫ ИЗРАИЛЬГЕ ТЕГІН САПАР ШЕГЕДІ

ШЫМКЕНТТІКТЕР 5 КҮН БОЙЫ ИЗРАИЛЬГЕ ТЕГІН САПАР ШЕГЕДІ

Шымкенттіктер 5 күн бойы Израильге тегін сапар шегеді. Яғни, өңірде өткізіліп жатқан Израиль елінің кинофестивалі арқылы. Апталыққа аталған елдің соңғы жылдары түсірілген туындылары əкелінген. Апталық арқылы израильдық киногерлердің туындыларын тамашалауға келгендердің қарасы көп болды. Себебі, шымкенттіктер жаңашылдыққа құмар, өзге елдің мəдениетін тануға талпынады. Осы арқылы дүниетаным кеңейтіп, жан сарайын байытады. Шығармалардың көкейге салар ойы мен жанры да əр қилы. Бірі жүзіңе күлкі үйіртсе, өзгесі сезімге елітеді. Туынды артық салмақтан арыла алмай жүрген достардың хикаясын суреттейді. Яғни кейіпкерлер арықтау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Кейіннен олар семіздікпен күресудің орнына, оның пайдалы тұстарын іздейді. Нәтижесін де табады. Яғни барлығы бірдей суммомен айналысады. Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылған шараның қос тарапқа да берер игілігі мол! Ең бастысы, мəдени байланысты нығайтып, достықты еселейді. Кино апталығы шырайлы өлкеден кейін бас қалада жалғаспақ

Таңшолпан НЫШАНБАЙ 

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*