Басты » Қоғам » САЙРАМ АУДАНЫНДА ҚОҚЫСҚА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫДА ШУ ШЫҚТЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ҚОҚЫСҚА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫДА ШУ ШЫҚТЫ

Сайрам ауданында қоқысқа қатысты тағыда шу шықты. Ақсукент ауыл округінің тазалығына жауапты мекемелер абоненттерді бөлісе алмай дауласып жатыр. Бірі заңды түрде мемлекеттік тендерді жеңіп алса, екіншісі жаңа қабылданған заңға сүйеніп жұмыс жасауда. Ал, Зардабын қарапайым халық тартып отыр. Өйткені, жақында ғана пайда болған „Баг-Нұр„ ЖШС жарықтың түбіртегіне қоқыстыңда ақысын қосып жазып, елді қарызға белшесінен батыруда.

Ақсукент ауылына „Баг-Нұр„ ЖШС-і келгелі жұрттыңда, 12 жыл қызмет еткен „Қарасу ВРМ„ компаниясының да тыныштығы бұзылған. Қазір мұндағы әрбір үй жарықтың түбіртегіне қоқыстың ақысын қоса көрсеткен тазалық мекемесіне қарыз. Төлем жасаудан бас тартса, серіктестік өкілдері, жарықты сөндіретінін айтып қорқытады. Тіпті зейнеткерлерге зейнетақыңды бермейміз деп те сес көрсетіпті. „Қарасу-ВРМ„ компаниясымен келісім шартқа отырып, ойда жоқта Баг-Нұрға қарыз боп қалған жұрт мұндай бассыздыққа бей-жай қараған жергілікті билік өкілдерін кінәлайды.

Лидия БАБЕНКО, Ақсукент ауыл округінің тұрғыны

Мен Қарасу ВРМ мекемесімен келісім шарт түзгенмін. Бірақ маған ай сайын жарықпен қоса 500 теңге қоқыстың ақысын төлеу туралы түбіртек жібереді. Бірақ Баг Нұр менің қоқысымды ешқашан алып кеткен емес. Сондай-ақ ол компаниямен келісім жоқ. Ал Қарасу ВРМ тыл ардагері ретінде маған жеңілдік жасап, ақы алмайды.

Баг-Нұр ЖШС-і жергілікті газет беттеріне біржақты жариялы келісім болатынын хабарлап, шұғыл іске кірісіп кетіпті. Елдің қарсылығына пысқырып қарамай, тіпті бес жыл бұрын марқұм болған зейнеткерге 500 теңге берешегің бар деп түбіртек жіберген. Бұл жайттан ауыл әкіміде хабардар.

Баг-Нұр ЖШС-нің басшылығы әкімнің пікірімен мүлде келіспейді. Мекеме Сайрам ауданында заң талаптарына сай жұмыс атқарып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру беріп, тіпті 14 күн Ақсукентте тегін қызмет көрсетіпті. Өзара келісе алмаған екі мекеменің жұмысына қазір биліктіңде халықтың да көңілі толмайды. Аудандық атқа мінерлерден үмітті үзген жұрт Астанаға дейін арызданыпты. Әзірге мәселенің кімнің пайдасына шешілері белгісіз.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*