Басты » Қоғам » ЖОҚШЫЛЫҚТЫҢ АЗАБЫН ТАРТҚАН ЖАНҰЯ

ЖОҚШЫЛЫҚТЫҢ АЗАБЫН ТАРТҚАН ЖАНҰЯ

Караваевтар отбасы аса қажетті көмекке ие бола бастады. Сауапты амалға асыққан жаны жомарт жандар, қолдан келгенше аянып жатқан жоқ. Ас ауқаттан бастап, тұрмысқа керек дүниелер өрттен зардап шеккен жанұяға жөнілтілді. Көптің қамқорлығын сезінген Караваевтар отбасы, бір сыпыра қысқы жылы киімдермен де қамтылды. Ал кішкентай Диманың енді өз ойыншықтары бар. Александар да қуанышты жаңалығымен бөлісіп сүйінші сұрады. Енді ол мектепте тегін түстенеді.

Александра КАРАВАЕВА

Қазір сынып жетекшім Юлия Владимировна маған екінші сабақтан кейін түскі ас беріліп тұратынын мәлімдеді. Медбикенің де қарауында боламын. Болашақтағы арманым әскери қызметті таңдасам деймін.

Қамқорлық мұнымен біткен жоқ. Әкімдік мамандары шағын баспана тұрғызып беруді қолға алмақ. Қазір жоғалып кеткен құжаттарын түгендеумен айланысып жатыр. Ал ол кезге дейін уақытша басқа баспанада тұратын болады.

Ермахан ЖИЕНБАЕВ, Қапланбек ауыл округі кәмінің орынбасары.

Қазір коммуналдық пәтір мәселесін қарастырып жатырмыз. Екі күннің ішінде бұл отбасы сонда жайғастырылады. Олар онда уақытша қоныстанады. Яғни қыс ауасынан шығып алғанша сонда тұрады. Құжаттарын дайындап жатырмыз, балалары 18 жасқа толғанша жәрдемақы алуы үшін. Одан бөлек үлкен қызының денсаулығын ескере отырып мүгедектігіне байланысты мемлекеттің қамқорлығына ие болады.

Әрине игі тірлік қайырымды жандардың жомарттығының арқасында болып жатқаны рас. Дән риза болған азаматша да алғысын жаударды.

Ирина КАРАВАЕВА

Менің жағдайымды ескеріп, қол ұшын созып көмектесіп жатқан жанашыр жандарға үлкен алғысымды білдіремін. Рахмет. Бізден ешкімде теріс айналып кетпеді.

Караваевтар отбасына назарын аударған азаматтардың қатары артуда. Егер сізде жоқшылықтың азабын тартқан жанұяға қол ұшын беремін десеңіз, 56-16-32 нөмеріне хабарласуыңызға болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*