Басты » Мәдениет » ШЫМКЕНТТІҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ ҚАҒАЗ БЕТІНДЕ

ШЫМКЕНТТІҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ ҚАҒАЗ БЕТІНДЕ

Өңірдің жас суретшілері шырайлы өңірдің ажары артқан, сұлу жерлері мен ата-дәстүрді қылқаламдарына арқау етті. Осылайша, олар өзара сынға түсіп, көрермендерін таңдандыруға түсті. Үздік шыққаны халықаралық байқауға жолдама алады. Көрмеге бабадан жалғасқан, теңдесіз мұраға айналған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар мен шырайлы өлкенің керемет жерлері бейнеленген туындылар қойылған. Қылқалам шеберлері шабыттарын қамшылап, қиялдарына ерік беріп, жан-жағын жарқын түстермен әрлендіре түскен. Жасампаздыққа бой алдырып, түрлі жанрларды қамтыған. Көрмеге еңбегін ұсынғандардың бірі Нұрбибі Алтынбек. 19 жасар суретшінің бұл алғашқы ауқымды байқауы. „Шабыт„ фестиваліне жолдама алуға 28 жас суретші бақ сынап, ең үздік еңбектерін ұсынды. Себебі олар осы арқылы шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинайды. Туындылар көрменің алғашқы күнінде-ақ, аға-буын өкілдерін таңдандырып үлгерді. Сайыс қазан айының 10-на дейін жалғасады. Осы аралықта, сурет салуға икемі бар кез-келген өнер иесі туындысын бәйгеге салуға мүмкіндігі бар.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ 

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*