Басты » Қылмыс » ЖАМБЫЛ БАЙҒОНОВ 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ БАЙҒОНОВ 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

4 ауданды басқарып, Құрмет орденінің иегері атанған Жамбыл Шырақбайұлы Байғонов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған алаяқтық іспен айналысты деген айып тағылып, темір торға сот залынан тоғытылды.

Осыдан бірнеше жылдар бұрын Бәйдібек, Ордабасы, Сарыағаш және Шымкент қаласы Абай ауданын басқарған әкім, бүгінде қылмыскер атанып, темір торға жабылды. Ол өз қызметін асыра пайдаланып, алаяқтық жолмен «Саятжан» ЖШС нен 31 млннан астам қаржы алды деп айыпталған.

Сонымен қатар, Нұр отан партиясының мүшесі бүгінге дейін жиған абыройынан айырылып, мемлекет тарапынан берілген медальдарі толығымен қайтарылды.

Ал жәбірленуші «Саятжан» ЖШС нің қызметкерлері құрмет орденінің иегеріне берілген жазамен толық келісіп отыр. Дегенмен, өзінің мемлекеттік қызметкерге алданып қалғанына өкпелі. 57 жастағы Бәйдібек ауданының тумасы Жамбыл Байғонов 4 баланың әкесі.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

2 пікірлер

  1. Ақпарат мүлдем дұрыс жеткізілмеген. Мемлекеттің қаржысын алайақтық жолмен алды дегеннен басқа ештеңе түмінбедім. Қандай қылмыс жасағандығы жөнінде мүлдем ашып көрсетпеген. 31 млн қандай қаржы, қалай жымқырғанын толығырақ жазылса

  2. Дұрыс,осы Жамбылдың-ақ басынан осындай қитұрқылықтар кетпей қойды….Бұл істе де,жауаптан сұрақтар көп күйі қалып кетті…

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*