Басты » Қоғам » ИРАН ТАУАРЛАРЫ ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ ТӘНТІ ЕТТІ

ИРАН ТАУАРЛАРЫ ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ ТӘНТІ ЕТТІ

Иран тауарлары Шымкенттіктерді тәнті етті. Қаламызда Иран Ислам Республикасы өнімдерінің көрмесі ашылды. Тұңғыш рет өткізіліп отырған көрмеде тұрмысқа қажетті тауарлардың жүздеген түрлері ұсынылған. Экологиялық таза әрі сапалы Иран өнімдері нарық бағасынан арзан саудалануда.

Қазақстан мен Иран стратегиялық қана емес, экономикалық жағынан да серіктес елдер. Мәселен өткен жылдың өзінде, екі ел арасындағы сауда- саттық көлемі 700 млн долларды еңсерген. Бұл сомманың басым бөлігі экспорттың еншісінде. Демек, импорттың да үлесін көтеру қажет. Осы мақсатта ұйымдастырылған Иран өнімдері көрмесінің ашылу салтанатына өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов пен Иранның Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Можтаба Амирчил қатысып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Сауда – саттықтың көкжиегін кеңейтетін көрмеде Ираннандық 100-ге жуық компанияның өнімдері халықтың назарына ұсынылды. Мұнда киім кешектен бастап, құрылыс заттарына дейін тұрмысқа қажетті тауарлардың 200-ден астам түрлерін кездестіруге болады. Мәселен, шайдің бірнеше түрін ұсынған Амини чай компаниясы өз өнімдерін Үнді шайынан кем түспейтіндігін жеткізді.

Мехди Амини / Ирандық кәсіпкер /

Біз көрмеге шайдың 4 түрін алып келдік. Біздің өнім табиғи және органикалық жағынан таза етіп жасалған. Ешқандай қоспа қосылмаған. Біздің шай үнді шайынан сапасы жағынан кем түспейді. Ал бағасына келсек, одан әлдеқайда арзан. Біз бүгінде өнімдерімізді Ресей, Туркия, Өзбекстан және Ислам мемлекеттеріне экспорттаймыз. Енді Қазақстаннан серіктес тауып, өнімдерімізді осында саудаласқ деген ниетіміз бар.

Ал Ирандық Назари фирмасы көрмеге тұрмыстық және иіс сабындарының 20-дан астам түрлерін әкеліпті. Сапасы жоғары өнімнің бағасы да қалтаға қонымды дейді шет-елдік кәсіпкер. Көрмеге келген тұрғындар өзіне ұнаған заттарын алып жатты. Ерлер жағы құрылыс заттарына қызығушылық білдірсе, нәзік жандылар киім- кешек пен ыдыс -аяқтың сан түрін сатып алды.

Иран өнімдері көрмесі 3 күнге жалғасады. Шарадан соң қос елдің кәсіпкерлері келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде ықпалдастық жөніндегі бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*