Шымкентте тұңғыш «смарт сыныбы» ашылды. № 65 мектеп- гимназиясында ашылған мұндай жаңашылдықты 7 сынып оқушысы Әлия Тұрсынбаева жеңіп алған. Оның «Неліктен менің мектебіме smart-class керек?» деген тақырыпта жазылған шығармасы ең үздік деп танылып, «Самсунг» компаниясының ең жаңа технологиясымен жабдықталған мектеп сыныбы тарту етілді.
Ақмарал Тұрсынбаева мектебінің нағыз мақтанышына айналды. Себебі өзінің зеректігінің арқасында 7 сынып оқушысы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған республикалық байқауда үлкен жеңіске жетті.
«Смарт-сыныбы» ұстаздардың оқушыларға дәріс беру кезінде динамикалы және қызықты жасақтауына мүмкіндік береді. Мұндай заманауи техникалармен жабдықталған сынып елімізде Астана, Өскемен қалаларынан кейін шахарымда ашылып отыр. Алғашқы екеуі Астана мен Өскемен қалаларында басталған болатын. «Самсунг» компаниясы мұндай оқу бөлмелерін өңіріміздегі тағы бірқатар білім ұяларына да орнатпақ ниетте.
Бағдат ҮЙСІНБАЙ