Басты » Қылмыс » АНАСЫН ТЕПКІЛЕП ӨЛТІРГЕН

АНАСЫН ТЕПКІЛЕП ӨЛТІРГЕН

Анасын таяқтың астына алып, жер жастандырған Самал Мамыт 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол, ҚР ҚК 99 бабының екінші бөлігімен қатаң режимде жазасын өтейтін болады. Мұндай шешімді Қылмыстық істері жөнініндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьсы Дәурен Мадалиев кесті. Естеріңізге сала кетсек, Оқиға Бәйдібек ауданы, Амансай ауылында 17 сәуір күні орын алған. Самал есімді азамат ішімдікке тойып алып, анасының үйіне келген. Баласының мас халде көрген Күлбибі Қабылбайқызы ашуға мініп ұрыса бастаған. Қатты сөйлеген ананың, сөзін көтере алмаған бала, әбден тепкінің астына алған. Қатты соққының салдарынан егде жастағы азаматша көз жұмған болатын.

нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

бір пікір

  1. 1.Тергеу де ,прокурор да,сот та аяғына шейін жұмысты жүргізбеген.Сұрау тудыратын жерлер көп бұл қылмыстық істе.Қорғаушылар қайда қарап жүргенін түсінбедім…2.Күлби балаға ұрысатындай халде емес еді ғой ,өзі инсульттан әзер отырса.3.Өзге де күдікті жандарды неге тергеуге алмағаны,қамауда ұстап отырып, түсініксіз.Нақты қылмысты дәлелдеуші айғақтық заттар болды деп ешкім де айта алмады деп отыр елдегілер…Елдің айтқан версиясы неге қолға алынбаған.Қысқасы бұл іс қайта қаралуы қажет еді…

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*