Басты » Редакция таңдауы » КЕНТАУДА ЖАҢА ЖЭО САЛЫНУЫ МҮМКІН

КЕНТАУДА ЖАҢА ЖЭО САЛЫНУЫ МҮМКІН

Кентауда жаңа жылу энерго орталық салынуы мүмкін. Одан бөлек, тұрғын үй кезегіндегілердің санын азайту мақсатында келесі жылы 60 пәтерден тұратын 5 қабатты екі тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл туралы журналистердің қатысуымен өткен брифингте  қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәлімдеді.

     Қазіргі таңда Кентауда тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 700 адамнан асады. Кентаулықтарды баспанмен қамту бағытында қалада 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұйыртса келесі жылдың көктемінде баспанаға мұқтаж 60 отбасыға пәтердің кілті табысталатын болады. Одан бөлек, 2015 жылы дәл осындай екі үйдің құрылысын жүргізу жоспарда бар екен.

     Кентаудағы қолданыстағы жылу энерго орталығы осыдан бір ғасыр бұрын салынған. Әбден тозығы жеткен орталық 2012 жылдың қақаған қысына шыдас бермей, істен шыққан болатын. Нәтижесінде, тұтастай қала жылусыз қалып, тұрғындар бүсең қаққан еді. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін жақын жылдары Кентауда жаңа жылу энерго орталығы салынуы мүмкін.

     Моноқалалардың тізіміне енгізілген Кентаудың әлеуметтік – экономикалық ахуалы жыл санап жақсарып келеді. Оған дәлел, қаладағы өнеркәсіп орындары жыл басынан 21 млрд теңгенің өнімін өндірген.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*