Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ОТҚА ОРАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ОТҚА ОРАНДЫ

     Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің бірі отқа оранды. Бүгін күндізгі сағат 11:00 шамасында Тәуке хан даңғылы бойындағы «Спартак» алаңына қарсы беттегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Өрттің қатты болғаны соншалық 20 шақты арнайы техника жұмылдырылған. Ал, сол маңдағы қауіпсіздік шараларын бақылауды қолға алған тәртіп сақшылары оқиға болған жерді қоршауға алып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Ал куәгерлердің айтуынша өрт сағат он бірлерде басталған, айналасы бір жарым екі сағатта үш пәтерді жалын шарпыған.өрттің шығу салдары анықталу үстінде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*