Басты » Мәдениет » ШӘМШІ ӘНДЕРІ 5 ТІЛДЕ ШЫРҚАЛДЫ

ШӘМШІ ӘНДЕРІ 5 ТІЛДЕ ШЫРҚАЛДЫ

     Шәмші Қалдаяқовтың әндері 5 тілде шырқалды. Ерекше тартуды оңтүстіктегі этнос-өкілдері ұсынды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шараға 5000-ға жуық аймақ белсенділері қатысты . Жалынды жастар жетістіктерді паш етіп, тәуелсіздіктің мәнін ұғындыра білді. „Менің елім – мәңгілік ел„ акциясы жайлы Жанболат Мэлсұлы тарқатып айтады.

     „Менің елім- мәңгілік ел!„ Талдықорғанда тұсауы кесілген акцияны Оңтүстік өңірі үшінші болып қабылдады. Патриоттық шараға белсенді жастар мен өңірдегі этно-мәдени бірлестіктің өкілдері қатысты. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев жиналғандарды тәуелсіздің 25 жылдығымен құттықтап, мәңгілік елдің кілті татулық пен ынтымақта екендігін жеткізді.

     Оңтүстік өңірінде бүгінде 100 ден астам этнос өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. Олар тілі мен мәденеиті әртүрлі болғанымен отанымыздың ортақ екендігін жақсы түсінеді. Сондықтан кез – келген шарадан тыс қалмауға тырысады. Акцияға қатысқан этнос өкілдері Шәмші әндерін 5 тілде орындап, тәуелсіздік мейрамына ерекше тарту жасады.

     Акция барысында „Мәңгілік ел жастарының жетістіктері — Тәуелсіздіктің 25 жылдығына„ атты құнды кітап облыс жастарына табысталды. Туындыда Тәуелсіздік жылдарында ел жастарының түрлі салада жеткен жетістіктері елбасының бастамаларын қолдауға бағытталған үндеулер жазылған. Менің елім – мәңгілік ел деп ұрандаған жастар патриоттық әндер айтып, өз өнерлерін ортаға салды.

     Респбуликалық ацияға бұдан кейін Тараз жастары үн қосады. Еліміздің барлық аймағында жалғастаны патриоттық шара 1 желтоқсан күні Астанада өтетін жастар форумында қортындыланады.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*