Басты » Редакция таңдауы » ШАРАСЫЗ ПОЛИЦЕЙЛЕР ХАЛЫҚТЫ ШУЛАТТЫ

ШАРАСЫЗ ПОЛИЦЕЙЛЕР ХАЛЫҚТЫ ШУЛАТТЫ

     Шымкенттегі солтүстік саяжай шағын ауданында үйлер бірінен соң бірі тоналып жатыр. Иелерінің жоқтығын пайдаланған ұрылар ішке терезе арқылы еніп, ақша мен бағалы заттарды үптеп кетеді. Елдің маза құтын қашырған арам пиғылдылар енді қабаған иттерді ұрлауға көшіпті. Полицейлерден үмітін үзген халық кезекшілік ұйымдастырып, ұрыны өзіміз қолға түсіреміз деп бекініп отыр.

     Саяжай шағын ауданындағы мына үй осымен екінші рет тоналып отыр. Алғашында ұрылар құны 200 мың теңге тұратын газ қондырғысын қолды етіпті. Екінші рет терезеге орнатылған темір торды бұзып ішке кіргенімен түк таппаған. Бірақ шақырылмаған қонақтар құр кетпей қымбат есіктерді қиратып тастапты.

     Бір күнде бірнеше үйге түсіп дәнігіп алғандар, қылмысын жасырудың орнына, аяқ іздерін қалдырып кететінді шығарған. Тұрғындар полицияға арыз түсіргенімен, нәтиже жоқ. Ал, қылмыс азаюдың орнына артып жатыр. Қаланың қақ ортасында сайран салған ұрылар енді асыл тұқымды иттерге қол салуда.

     Қабаған ит пен темір есік тосқауыл бола алмайтынына көзі жеткен халық балаларын жалғыз қалдыруға қорқады. Ал, тәртіп сақшыларынан қайран болмағасын көршілер бірігіп ұрыны өздері іздеп жатыр.

     Бүкіл елді шулатқандар соңғы рет келгенде қолға түсіп қала жаздаған. Иттің үргенінен оянған жұрт белгісіз түн жарымда үш азаматтың қашқанын көріпті. Ізіне түсіп қуғанымен ұстай алмаған.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*