Басты » Мәдениет » ЖАРТЫ ТОННА ҚОЙДЫҢ ЕТІ АСЫЛДЫ

ЖАРТЫ ТОННА ҚОЙДЫҢ ЕТІ АСЫЛДЫ

     Шымкентте бірден 20 қойдың еті асылды. «Қазақ дастарханы» фестивалі аясында өңірдегі этно мәдени бірлестіктері ет асудан өзара сайысқа түсті. Түрлі ұлт өкілдерінен құрылған топтар қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дастархан жайып, қонақ күтудің үлгісін көрсетті. Дәмі тіл үйіретін тағамдардан әріптесім де дәм татып қайтты.

     Өңіріздегі 20 этно-мәдени бірлестіктері мына қазандарды бір-бірден иемденген. Олар таңсәріден қазақ халқының ұлттық тағамы «Бесбармақты» даярлауға кірісті. Барын салған аспаздың барлығы да жеңімпаз атануға ниетті. Қазақ халқымен етене араласқан түрлі этнос өкілдері ұлттық тағамдардың барлық түрін жатқа білетіндерін жайған дастархандары арқылы көрсете білді.

     Шараға облыс басшыларынан бастап, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен белгілі спортшылар шақырылған. Дәмнен ауыз тиген қадірлі қонақтар тағамдардың дәмі мен дайындалған әдістеріне баға берді. Жеңімпазды жазушы, белгілі қоғам қайраткері Мархаббат Байғұт бастаған қазылар алқасы анықтады. Саусағынан бал тамған аспаз ретінде иран ұлтының өкілі танылды. Ет ауқатты қазақтан асырып даярлағаны үшін оған 200 мың теңгенің сертификаты табысталды.

     Татулықтың символына арналған фестиваль биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Айта кетсек, бұдан өзге Шымкентте жыл сайын «Палау» фестивалі де ұйымдастырылып тұрады. Ұйымдастырушылар аталған шара жалғасын табатынын жеткізді.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*