Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТЕ 25 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 25 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

     Шымкентте 25 қабатты тұрғын үй тұрғызылады. Нью-Йорктегідей саябақ салынып, ашық аспан астында кинотеатр болады. Жалпы аумағы 427 гектар жерге 70 мың адам қоныстанады деп болжануда. Тұран шағын ауданындағы ауқымды жобалардың алғашқы легі келесі көктемде пайдалануға берілмек. Құрылысы қарқын алған Шымкент сити қалашығына түрік инвесторлары қатты қызығушылық танытуда. Атты адам түсіп қарайтын жаңа қалашықтың орны дәл осы аумқаты қамтиды.

     7 млрд -қа жуық қаржы тек инфорқұрылымдық жұмыстарына жұмсалады деп жоспарланған. Биылдыққа бөлінген 1 млрд 900 млн теңгеге қажетті жерге дейін су мен жарығы тартылып, газ құбыры келіп қойған. Топырақ жолдар тегістеліп, асфалть төсеу ісі басталып кеткен. 316 тұрғын үй бой көтереді. Көкпен таласқан ғимараттар салынады. 70 мың халықтың көшіп келуіне барлық жағдай қарастырылуда. 2 емхана, 21 балабақша, 7 мектеп болады. 9 қабатты тұрғын үйлер келесі жылдың көктемінде пайдалануға беріле бастайды. Пәтерлер қол жетімді болу үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұсынылады.

     Нұралхан КӨШЕРОВ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

     – Бұл жер 4-5 көшенің құрылысын Шымкент сити мердігер компаниясы жүргізіп жатыр. Бұл жерде де жолдың ені толығымен 50 метірді құрайды. Велодорожкасы бар, тратур барлығы толығымен қарастырылған. Халыққа қазіргі заманға сай ыңғайлы, тұрғын алабы болып есептеледі.

     62 гектар жер халықтың серуіндеуіне арналған таптырмас орынға айналады. Бұрын мұндай Шымкенттте болған емес. Нұралхан Көшеровтың сөзінше Нью-Йорктегідей саябақты күңгейліктер осы жерден көре алады.

     Нұралхан КӨШЕРОВ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

     – Қазір өте көп инвесторлар қызығушылық танытып жатыр. Өйткені инфрақұрылым толық жұмысын көріп отыр инвесторлар. Бұның алдында неге келмеген? Өйткені жолы жоқ суы жоқ, газы жоқ құрылысын жүргізіп алып іске қоса алмай отырса оның қажеті жоқ. Қазір өздеріңіз көріп отырсыздар. Су свет газ бәрі жұмыстар жүріп жатыр. Келесі жылы бәрі толығымен қосылатын болады.

     Шымкент ситидің алдағы уақытта атау өзгеруі мүмкін. Ең бастысы барлығы басқаша болады. Бизнес орталықтар, ресторандар, спорт сарайы, кинотеатр, концерт залдары бәрі де соғылады. Ал бір мешіттің үлгісі макеттің дәл ортасында көрсетілгенімен құлшылық орнын тұрғызу жағы әзірге белгісіз болып тұр.

Нұржігіт ТҰМАНБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*