Басты » Редакция таңдауы » ҰОС ЖЫЛДАРЫ ТҰТҚЫНДА БОЛҒАН АҚСАҚАЛ КОМПЕНСАЦИЯҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ КЕЛЕДІ

ҰОС ЖЫЛДАРЫ ТҰТҚЫНДА БОЛҒАН АҚСАҚАЛ КОМПЕНСАЦИЯҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ КЕЛЕДІ

     Тұтқындарға компенсация. Германия билігі Ұлы отан соғысы жылдары тұтқында болған кеңес әскерлеріне өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдаған. Яғни, немістер әрбір әскери тұтқынға 2,5 мың еуродан қаржы бөлді. Фашис әскерінде тұтқында болған жауынгерлердің қаншауы Оңтүстікте тұрады? Олар белгіленген өтемақыға қол жеткізді ма?

     Сұрапыл соғыста талай қандастарымыз қаза тапса, талайлары тұтқынға түсіп, тірі өлікке айналды. Ресми деректерге сүйнсек, Ұлы отан соғысы жылдарында 200 мыңға жуық қазақстандық тұтқында болған. Оларды немістер адам ретінде санамай, ауыр жұмыстарға салған. Болмашы себептермен азаптап, өлтіріп отырған. Тарихшылардың айтуынша, тұтқынға түскен жауынгерлердің жартысынан көбі қайта оралмаған. Бүгінде еліміз бойынша, әскери тұтқын атанған 12 қария бар. Соның 7- еуі Оңтүстікте тұрады. Солардың бірі Әбдіәлі Шушбаев. Төлеби ауданы Қаратөбе ауылының тумасы кеңес әскерінің құрамында Украйна түбіндегі шайқастарға белсене қатысады. Сөйтіп, 1941 жылдың қазан айында ойламаған жерден немістердің қолына тұтқынға түседі.

     Фашистердің мазағына төзе алмаған қазақ жауынгері ақыры тұтқыннан қашып шығады. Үздіксіз жүріп отырып, Кеңес Партизандарына қосылады. Мұнда жүріп отандастарына қол үшін береді. Алайда араға 3 ай салып, тұтқынға қайта түседі. Бұл жолы немістер қашуға мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, Әбдәлі ата соғыс аяқталғанша, Германия, Франция мен Англияда түрлі жұмыстарды тегін атқарады.

     Туған жеріне оралу бақыты Әбдәлі Шубаевқа соғыс аяқталған соң да бұйырмайды. Өйткені Кеңес үкіметі оны сатқын деп айтыптап, тағы 10 жылға бас бостандығынан айырады. Қатал тағдырға мойымаған қайсар ұл елге келіп, тіршілігін жағастырады. Отау құрып, ұрпақ өрбітеді. Бүгінде ардагер 98 жасқа толса, жан жары Үрміш апа 81 жасты еңсерген.

     Бүгінде әскери тұтқынға берілетін өтамақыны тек Әбдәлі қарияға ғана алмапты. Өйткені ардагер бірнеше елде бол5андықтан құжаттарын анықтау неміс билігіне қиындық тудырып жатқан көрінеді. Алайда жауаптылар өтемақы қарияның қолына көп кешікпей тиеді дегенді алға тартады. Дегенмен аталған қаржы қарияның көрген қиындығын өтей алмасы анық.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*