Басты » Редакция таңдауы » УЛЫ ГАЗДАН БАҚИЛЫҚ БОЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 3,5 ЕСЕГЕ ӨСТІ

УЛЫ ГАЗДАН БАҚИЛЫҚ БОЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 3,5 ЕСЕГЕ ӨСТІ

     Улы газдан бақилық болғандар биыл 3,5 есеге өсіп отыр. Жыл басынан бері өңірде 28 адам газдан улану салдарынан көз жұмса, 76 тұрғынның денсаулығына зақым келген. Жылыту маусымының енді ғана басталғанын ескерсек, көрсеткіштің тағы да өсуі ғажап емес. Осыған орай төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері баспасөз маслихатын өткізіп, халықты абай болуға шақырды.

     Биыл иісті газдан улану дерегі жиі орын алған. Өңірде жыл басынан осындай 29 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 28 адам көз жұмды. Мамандардың айтуынша, сәтсіз оқиғаның 25-і жер үйлерде орын алған. Яғни, тұрғындар пеш қондырғыларын пайдалану барысында өрт қауісіздігін сақтамаған. Сондай-ақ, қайғылы жағдайға пеш мұржасының толып қалуы да себеп болған.

     Оңтүстік Қазақстан облысында табиғи газбен қамтылмаған 847 елдімекен болса, биыл соның 268-сі көгілдір отынға қол жеткізді. Сәтсіз оқиғалардың орын алуына бұл да өз әсерін тигізді дейді мамандар. Өйткені тұрғындардың көпшлігі үй пештеріне газ құбырларын тығып, жылытудың жаңа үлгісін ойлап тапқан. Сонымен қатар қайғылы жағдайдың орын алуына Иран пештері де себеп болған.

     Қауіпсіздік ережелерін ауыл түгілі қала тұрғындары да сақтамаған. Сондықтан сәтсіз оқиғаның 59 пайызы Шымкент шахарында орын алған.

     Бүгінде төтенше жағдай қызметкерлері сәтсіз оқиғаларды алдын алу мақсатында үгіт насихат жұмыстарын жүрізуді қолға алған. Мамандардың сөзіне сенсек, осы бағытта 1000-ға жуық жиын өткізіліп, жергілікті телеарналардан 100-ден астам бейнероликтер көрсетілген. Жиын соңында сала мамандары „әр адамның өмірі – өз қолында екенін айтып, қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*