Басты » Білім » ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ АРНАЙЫ АВТОБУСПЕН ҚАТЫНАЙТЫН БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ АРНАЙЫ АВТОБУСПЕН ҚАТЫНАЙТЫН БОЛДЫ

     Шымкенттік оқушылар мектепке автобуспен қатынайтын болды. Қала сыртындағы елдімекендер мен білім ошақтарының арасы шалғай жатқандығы халық үшін өзекті мәселе болатын. Еске салсақ, балаларын сабақтан аман-есен оралғанын көргенше, жандарын шүбірекке түйіп отыратынын айтқан ата-аналар, арнамызға да шағымданған еді. Бүгінде қалалық әкімдіктің қолдауымен бұл қиын күндер артта қалып, көпшілік қуанышқа кенелді. Тақырыпты тілші толықтырады.

     Жалпы Шымкент қаласында 129 мектепте 170 мыңға жуық оқушы білім алып келеді. Бас жоспарға сай шахарға жаңадан қосылған елдімекендерге байланысты қалада білім ұяларының да саны көбейген. Сәйкесінше, қалалық білім бөліміне түсетін салмақ та арта түскен. Соның ең өзектісі шалғайдағы елдімекендерден мектепке қатынайтын оқушылардың жағдайы еді. Дегенмен, сала мамандары бұл мәселені шамамен 2 жылдай амалдап келді.

     Енді бұл қиындықтар артта қалып отыр. Осылай деген қаланың бас ұстазы қала сыртында орналасқан 11 мектепке 19 автобус берілгенін мәлімдеді. Салтанатты жиынға қатысқан өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы, су жаңа автокөліктердің кілтін мектеп басшыларына өзі табыстады.

     Енді бұл көліктермен 3 мыңға тарта бала мектепке қатынайды деп күтілуде. Жүргізушілер үшін жұмыс орындары ашылып, автобустар білім ошақтарының меншігіне беріледі.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*