Басты » Редакция таңдауы » ЕСКІ КӨЛІК ӨТКІЗІП, ӨТЕМАҚЫ АЛУДА

ЕСКІ КӨЛІК ӨТКІЗІП, ӨТЕМАҚЫ АЛУДА

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ:

Call-center 8 800 080 65

WhatsApp: 8747 191 15 58

Дінмұханбет: 8 701 733 11 42

     Істен шығып, көптен бері жүрмей қалған ескі көлігіңіз болса, оны да бір кәдеге жарататын сәт келді. 21-қарашадан бастап елімізде тозығы жеткен көліктерді қабылдау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында аулаңызда қаңырап қалған көліктерге дейін арнайы орындарға өткізсеңіз болады. Тегін емес әрине. Азды-көп ақысы да төленеді. Қанша дейсіздер ғой. Бұл сауалдың жауабын әріптесім Қанат Байсов айтып берсін.

     Ескі көлікпен алысып, есі шыққандардың бірі Дәулет Босынбек. Ол темір тұпарын осыдан үш жыл бұрын сатып алған. Кезінде 260 мың теңгеге алынған көлік, жағдайына байланысты қазір 150 мыңға бағаланып отыр. Енді Дәулет Босынбек жүруден қалған көлікті арнайы орынға өткізіп, жартылай болса да ақшасын шығарып алуды жөн көріпті.

     Төленетін қаржы 10 күн ішінде көлік иесінің есеп шотына түсетінін айтады мамандар. Ол үшін көлікті тіркеуден шығарып, тиісті құжаттар жиналу керек. Атап айтқанда, көлік иесінің немесе сенім білдірген тұлғаның жеке куәлігі, көлік иесі болмаған жағдайда өтініш берушінің сенімхаты және екінші деңгейлі банктен шот ашылу керек.

     Бағдарламаға сай қабылданатын көліктердің салмағы 3,5 тоннадан аспауы керек. Төленетін ақы көліктің жиынтығына байланысты болмақ. Яғни, қозғалтқышы, есіктері мен берілу қорабы сынды бөлшектері түгел болса, 150 мың теңгеге бағаланады, олай болмаған жағдайда көлік иесі 48 мың теңгені қанағат тұтады. Қазіргі таңда аталған бағдарлама аясында елімізде 800 көлік жиналған, оның 40 оңтүстік өңіріне тиесілі. Есімізде ескі көліктерді қайта өңдеуден өткізетін 3 зауыт салынады деп күтілуде. Жиналған техникалар сонда іріктеліп, кәдеге жарайтын болады.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*