Басты » Редакция таңдауы » АЗАМАТТАРҒА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ТЕГІН БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ

АЗАМАТТАРҒА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ТЕГІН БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ

     Заң бойынша Қазақстанның әрбір азаматына 10 соттық жер тегін беріледі. Осыған орай қаламызда жер алам деп өтініш білдіргендердің саны арта түсуде. Бүгінде жер кезегінде 89 мың адам тұр. Оларға жер қашан және қай жерден беріледі? 

     Қазақстанның кез келген азаматына тұрғын үй салу үшін жер телімі бір мәрте ақысыз беріледі. Мемлекекеттің осы бір қамқорлығын пайдалануға ниет еткендердің бірі Бексұлтан Панзабеков. Жанұясымен пәтер жалдап тұратын қала тұрғыны осыдан бір ай бұрын жер кезегіне тұруға өтініш білдірген. Енді соның нәтижесін білуге қалалық жер қатынастыры бөліміне арнайы келіпті.

     Жалғыз Бексұлтан емес, тегін жерден дәмелі болғандардың қарасы көп. Бүгінде жер кезегінде тұрған Шымкенттіктердің саны 89 мыңға жеткен. Қазір олардың сұранысын қанағаттандыру көзделіп отыр. Жоспар бойынша, биыл өңірде 4850 азаматқа жер учаскелері үлестіріледі. Аталған жер телімдері қала аумағындағы Таскен, Солтүстік Саяжай; Құрсай – 2 және Бозарық – 2 тұрғын алаптарынан берілмек. Мемлекеттен тегін жер алуға сіздің де мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін :

     Заң бойынша, тұрғын үй құрлысына берілетін жер телімдері су, жарық сынды инфрақұрылыммен қамтылуы тиіс. Ресми деректерге сүйенсек, 2003 жылдан бері елімізде 400 мыңнан астам адам тегін жермен қамтылған.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*