Басты » Редакция таңдауы » ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН 22 АЗАМАТҚА ІРІ КӨЛЕМДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН 22 АЗАМАТҚА ІРІ КӨЛЕМДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

     Заңсыз аң аулаушылар, жауапқа тартылады. Сырдария-Түркістан табиғи паркінде аңшылыққа тиым салу туралы маратория жалғасуда. Өткен жылы аталған аймақта аңшықпен айналысқан 22 азамат құрықталып, оларға ірі көлемде айыппұлдар салынған. Ереженің арқасында өңірде „Қызыл кітапқа„ енген жануарлар мен құстардың саны біршама арта түскен.

     Сырдария-Түркістан табиғи паркі аумағында аңшылықпен айналысуға қатаң тиым салынады. Үш жылға арналған маратория 2017 жылдың соңына дейін жалғасады. Ереженің талабы қатал. Яғни кешенде аңшылықпен ұсталған азаматтар 150 мыңнан, 3 млн теңге дейін айыппұлмен жазаланады. Аталған ереже аймақтағы сирек кездесетін жан-жануарлардың көбейуіне оң әсерін тигізуде. Бүгінде кешенде арқар, бұғы мен қырғауылдың саны артқан.

     Ерекеше қорғалатын аймақта өсімдіктің 900, ал жан-жануарлардың 300 ден астам түрлері мекендейді. Олардың тіршілігі қызметкерлердің жіті назарында. 2015 жылы аңдарды азықтандыру жұмысы жалғасып келеді. Осы мақсатта биыл облыстық қазынадан 2 млн 769 мың теңге бөлінген. Аталған қаржыға дәнді дақылдар мен қоректік заттар алынып, жануарлар көп шоғырланатын мекендерге шашылады. Бұл қыс мезгілінде аңдарды аш қалудан сақтайды. Сонымен қатар келешекте жануарлардың қорын молайтуға ерекше мән берілмек.

     Түркістан-Сырдария паркі аумағында демалушылардың да қарасы көп. Мәселен өткен жылы кешеннің табиғатын 2695 адам тамашалап, нәтижесінде аймақ қазынасына 3 млн теңгеден астам қаржы құйылған. Ішкі туризмді дамыту мақсатында келешекте парк аумағында Европалық үлгідегі ағаш үйшіктер салынбақ. Заманауи баспаналар отандастарымызбен қатар шет- елдік туристердің де талғамын қанағаттандырады дейді мамандар.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*