Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТІКТЕР АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

ШЫМКЕНТТІКТЕР АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

     Шымкенттіктер алдағы күндері жылусыз қалуы мүмкін. Өйткені „Қуат жылу„ орталығының „КазТрансГаз„ аймақ мекемесі алдындағы берешегі 1,8 млрд-қа жеткен. Сондықтан аталған мекеме жылу орталығын көгілдір отынмен қамтудан бас тартып отыр. Осыған орай шахар басшысы шұғыл жиын өткізіп, мәселені шешудің тетіктерін талқылады.

     Шымккентті тұтастай жылумен қамтып отырған „Қуат жылу орталығы„ қарызға белшеден батқан. Орталықтың „КазТрансГаз„ аймақ алдындағы қарызы 1,8 млдр ты еңсерген. Қордаланған қарыздың 700 млн өткен жылдың, ал 1,1 млрды биылғы жылдың еншісінде. Сол себепті қаңтардың 18-нен бастап, оратлыққа газ беру тоқтатылды. Бұл келеңсіздікті естіген шахар басшысы шұғыл жиын өткізіп, тараптарды ымарашылдыққа шақырды.

     Алайда, Каз ТрансГаз бұған дейін сағатына 35 мың текше метр газ берсе, берешекті құтылмағанша оның көлемін 25 мыңға кемітетін болды. Бұл өз кезегінде жылудың сапасына кері әсерін тигізу мүмкін. Мамандардың айтуынша, Шымкенттіктердің жылуға қарызы жыл басынан бері 550 млн теңгені құраған. Оның 450 млн халыққа, ал 100 млн-ы заңды тұлғаларға тиесілі. Шахар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов борышкерлермен жұмысты күшейтуді тапсырды.

     Енді жылу орталығы бір аптаның ішінде тұрғындардан 400 млн теңге жинауы тиіс. Бұл жоспар орындалмаса, КазТрансГазАймақ көгілдір отынды тағы да ажыратуы мүмкін. Ал қоймадағы мазут қаланы жылумен 1 апта ғана қамти алады. Демек Шымкенттіктер қарызды төлеуге асықпаса, аязды ақпан айын жылусыз өткізуі мүмкін.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*