Басты » Білім » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Шымкент қаласы әкімшілігінің тапсырмасына орай төтенше жағдай қызметкерлері тексеру іс шарасын білім ошақтарынан бастады. Мамандар №41 ші мектептің оқушыларына өрттің алдын алу жөнінде сақтық шараларын түсіндірді. Сондай –ақ жоғарғы сынып оқушыларына өрт сөндіру мамандығының маңыздылығы жөнінде баяндама оқылды.

     Мектеп оқушылары, қиын әрі жауапты салада жұмыс жасап жүрген өрт сөндірушілермен кездесіп, мамандықтың ерекше тұстарымен танысты. Тәуекелге бел буып түрлі биіктікке санаулы секундттарда шығып үлгеріп, тілсіз жауды ауыздықтап жүрген төтеншеліктер, өзге де жаңалықтарымен бөлісті. Соңғы уақытта жылдамдық бойынша көзделген нысанаға су атуда әлемдік сайысқа қосылғанын мәлімдеді. Бұл спорт түрі оқушыларды ерекше ынталандырды.

     Төтенше жағдай саласының маманы жыл басында орын алған келеңсіз жағдайларды ескерді. Жиналған жастарға газдан улану оқиғалары мен сақтық шараларының дұрыс сақталмауынан орын алған жарылыстарды да айтып берді. Келеңсіз жағдай кезінде дереу 112, 102, 103 нөміріне қоңырау шалу керек екендігін де түсіндіріп өтті.

     Өз кезегінде мектеп оқушыларына ескерту қағаздары таратылды. Сондай-ақ, өрт сөндіру мамандығына қызығушылық танытқандарға мекен жайлары жазылған парақша қалдырылды.

Бағдат ҮЙСІНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*