Басты » Редакция таңдауы » ЖАУАПТЫЛАРДЫҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫНАН ШАРШАҒАН ХАЛЫҚ КІМНЕН КӨМЕК СҰРАРЫН БІЛМЕЙДІ?

ЖАУАПТЫЛАРДЫҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫНАН ШАРШАҒАН ХАЛЫҚ КІМНЕН КӨМЕК СҰРАРЫН БІЛМЕЙДІ?

     Қатырамыз деген жауаптылар сөздерінде тұрмады. Шымкенттегі Клара Цеткин көшесінің тұрғындары осылай деп ашынып отыр. Естеріңізде болса, өткен жылдың шілде айында аталған елдімекенге кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары басталған болатын. Салдарынан халық тегіс жолмен қош айтысып, батпақтың ортасында қалған-тын. Сол кезде жауаптылар ұлардай шулаған тұрғындарды, құрылыс жұмыстары аяқталған соң қазылған жерді бұрынғы қалпына келтіреміз деп басу айтқан. Алайда, мердігер мекеменің сапасыз атқарған ісінің зардабын қазір халық тартып отыр. Тұрғындардың сөзінше, асфальт төселген жолдың ені бұрынғысынан әлдеқайда тарылып қалған. Ол аздай қазылған жердің ойдым-ойдымы шығып жатыр. Бұл көліктердің қозғалысына кері әсерін тигізуде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*