Басты » Редакция таңдауы » МОХАММАД ПАРДИС: “БОСҚЫН” МӘРТЕБЕСІН БЕРМЕСЕ ДЕ ҚАЗАҚСТАННАН КЕТПЕЙМІН”

МОХАММАД ПАРДИС: “БОСҚЫН” МӘРТЕБЕСІН БЕРМЕСЕ ДЕ ҚАЗАҚСТАННАН КЕТПЕЙМІН”

     Ауғанстандық келімсектер босқын мәртебесін ала алмай жүр. Пардис Мохаммад есімді азамат елдімізге 2015 жылы келген. Оның «босқын» мәртебесіне қол жеткізе алмай жүргеніне көп болыпты. Ол енді осы мәселені шешіп беруін өтініп, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалына барды. Бір қызығы Мохаммад елімізге алғаш келген жылы «босқын» мәртебесін алған. Кейіннен комиссия бұл заңға қайшы деген шешім шығарып, құжатты қайтарып алған. Ал, кезінде «босқын» мәртебесі қалай беріліп кеткені белгісіз. 

     40 жастағы Мохаммад Пардис отбасымен Шымкент қаласында өмір сүріп келе жатқанына 2 жыл болған. Жиһаз құрастырумен айналысатын ол, ел қатарлы өмір сүріп келе жатқанын айтады. Оны мазалайтын бір ғана мәселе – «босқын» мәртебесінің жоқтығы. 2015 жылы оның қолында бұл құжат та болған екен. Көші-қон комиссиясы бұрынғы шешімін қайта қарап, Ауғанстандық азаматтың бұл жүрісі заңсыз деп тапқан. Нәтижесінде келімсек маңызды деген бір жапырақ қағазынан айрылған.

     Алайда, Мохаммад заң қызметкерлерінің шешімдерін орындаудан бас тартып отыр. Оның бар айтқаны отбасымен Қазақстан Республикасында өмір сүргісі келетіні, өзі тұрып жатқан жерді жан тәнімен жақсы көретіні.

     Алайда, мамандар тәжік ұлты өкіліне заңға бағынып, аталған құжаттарды жинап келмесе, елден еріксіз түрде аластатылатынын түсіндірді. Нәтижесінде елге қайтып мүлде кіргізбеу туралы шешім шығуы мүмкін екенін де жеткізді. Алайда, босқын мәртебесін ала алмай жүрген азамат не болса да осында қаламын деп бекініп отыр.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*