Басты » Тараусыз » САЙРАМ АУДАНЫНДА САЯЛЫ БАҚТЫҢ ІРГЕСІ ҚАЛАНДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА САЯЛЫ БАҚТЫҢ ІРГЕСІ ҚАЛАНДЫ

       Сайрамда саялы бақтың іргесі қаланды. Жұрт жүкті жұмыла көтеріп, ауданның ажарын ашуға ат салысты. Шатқал бағдарламасы аясында аршадан бастап түрлі жеміс ағаштары отырғызылды. Көшеттердің қаржысын жомарттық танытқан жеке кәсіпкер көтерді.

     Тілек айтып тал еккен елдің қарасы көп болды. Барлығы бір үйдің баласындай бұл тірлікті бөлісіп жасады. Аудан әкімі Самат Сапарбаев бүгіннен болашаққа қалар көшеттерді күтімсіз қалдырмаймыз деді. Яғни адамдар әлі-ақ аяқ жазуға осында асықпақ. Жоспар жүзеге асса орындықтар да орнатылады.

Самат САПАРБАЕВ, Сайрам ауданының әкімі

// Біз осы жерді бір комплекс қылып жасамақшымыз. Тек қана ол ағаш егу емес. Осы ағаш еккен алаңның ортасында трассамен өтетін авто жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау. Мақсат: бір мезгіл сусын ішіп демалатын жағдай жасамақшымыз. „Достық„ шатқалы деген монумент орнатылады. Бұл тек жолдың бойын абаттандыру емес, саябақ болады. //

     Қолына күрек ұстаған кеңсе қызметкерлері 1200 түп қылқан жапырақты отырғызды. Атаңнан тал қалсын деп текке айтылмағаны анық. Ал ағайынға тиер пайдасы мол амалда, Бегасыл Төлендиев қарап қалмады.

Бегасыл ТӨЛЕНДИЕВ, Облыс маслихаттың депутаты

// Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың шатқалдарды аббатандыру бағдарламасымен міне бүгін, барлықтары осында келіп осы ағаштарды отырғызып жатыр. Өзім еңбек жолын осында бастадым. Сайрам ауданы көп ұлтты әрі еңбекқор халық. Барлығымыз шатқалды абаттандырып жатырмыз.//

     Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жалғасын тапқан шатқал бағдарламасы өз жемісін беретін күн алыс емес. Нәтижесінде жайқалған жасыл желек көбейеді. Әрі күңгейдің  қапырығынан қарашаға көлдеңке де болады.

Нүркен ТӨЛЕНДИЕВ, «Лидер НК» ЖШС директоры

// Бұл көгалдандыру деген шырайлы Шымкент деген атына сай болу керек! Сондықтан елдің зиялы қауым өкілдері қолдап, шыршаны шатқалға егудеміз. //

     Жалпы Сайрам ауданында 3 жерде игі бастама көрініс табуда. Бас аяғы 60 гектар жерді бұрынғыдан да жайқалдырмақ. Бұған әсіресе жастар жағы қуанышты.

Әділхан ТӨЛЕГЕНОВ, ерікті

// Бұндай шаралар жастардың патриоттық сезімін оятып, туған жеріміздің ортақ отанымыздың табиғатын аялауға үйретуге үлкен септігін тигізеді. //

Нұржігіт Тұманбаев

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*