Басты » Редакция таңдауы » НӘПСІҚҰМАРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР КӨКТЕМДЕ КӨБЕЙЕДІ

НӘПСІҚҰМАРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР КӨКТЕМДЕ КӨБЕЙЕДІ

    Көктемде гүлдермен мен қыздар құлпырады. Осыған байланысты көктем мезгілінде нәпсіқұмарлық қылмыстар белең алады. Шымкенттік прокурорлар кәмелет жасына толмаған жастардың жыныстық қатынасқа ерте түсуін осындай себептермен түсіндіреді. Сондықтан да, жақын қарым қатынастың зияндылықтарын түсіндіруге құқық қорғаушылар ерте көктемнен кірісіп отыр. Әл-фараби ауданының прокуроры жасы он сегізге толмаған қыз жігіттердің басын қосып, жыныстық қарым қатынас жайлы кеңінен әңгімеледі. Ал, психологтар мен медицина қызметкерлері төсек қатынастары арқылы жұғатын аурулардың түрлерін баяндады. Үлкендердің ақыл кеңесін тыңдауға 200 жуық студент жиылды. Айта кетейік, өткен жылы енген жаңа кодекстерге сәйкес, жасы кәмелетке толмай шаңырақ көтергендер қылмысын түрмеде өтемесе де, мемлекеттік, әскери қызмет сынды жұмыстарды атқарудан шеттетіліп, олардың ата аналарына да біршама зиян келетін болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*