Басты » Редакция таңдауы » САРЫАҒАШТА “ШАТҚАЛ” БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

САРЫАҒАШТА “ШАТҚАЛ” БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

     Облыс әкімінің „Шатқал„ бағдарламасы аудандарда да жүзеге асырырула. Мәселен, Сарыағаш ауданының өзінде аумағы 11 шақырымды құрайтын сайлы-төбелі жерлерге 20 мың түп ағаш отырғызылды. Өңірді жасыл желекке көмкеріп, экологияны жақсартпаққа жергілікті билік пен тұрғындар ат салысуда.

     Сарыағаш ауданы — шипалы суымен қатар, жайлы табиғатымен де алашқа мәшһүр. Климаты ағаш отырғызып, көгалдандыруға қолайды. Мұны ескерген, жергілікті тұрғындар, облыс әкімінің „Шатқал„ бағдарламасын жүзеге асыруды бастап кетті.

     Ауданда жыл соңына дейін республикалық маңызы бар автожолдар жиегі, көшелер мен саябақтарда шырша, тұя көшеттері мен декоративтік ағаштар отырғызылады. Сарыағаш қаласының қақпасы ою-өрнекпен әрленген қақақи нақышта әрленіп, мүсіндер орнатылады. Жергілікті тұрғындар апта сайын сенбілік өткізіп, ағаштарды суарып, ортаны күл-қоқыстан тазартады.

      Егілген көшеттердің тиісті деңгейде суарылып, өсіп-жетілуін жергілікті билік бақылауда ұстайды. Қаперге салайын, 350 мың халқы бар сарыағаш ауданында егін мен мал шаруашылығы дамыған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

бір пікір

  1. Ерасыл

    Ассалаумағалейкүм кішкене қателік көріп едім жазбада: Қазақи деген сөзді қақақи деп жазыпсыздар.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*