Басты » Редакция таңдауы » ЗООБАҚТАҒЫ БЕГЕМОТТЫҢ НЕДЕН ӨЛГЕНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ЗООБАҚТАҒЫ БЕГЕМОТТЫҢ НЕДЕН ӨЛГЕНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

    Шымкент зообағында қайтыс болған бегемот асқазан ісігіне шалдыққаны белгілі болды. Зертханада жүргізілген сараптама нəтижесінде жануардың жүрегіне май басқандығы анықталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта хайуанаттар бағында жаңа Африка зонасы ашылады деп жоспарланған.

     Үш аптаға созылған сараптама жұмысының нəтижесінде, Ломбада есімді бегемот асқазан ісігі дертінен көз жұмғаны анықталып отыр. Мамандар, су сиырынан инфекциялық ауру белгілері табылмағанын айтады. Бұл зообақтағы өзге де жануарлардың денсаулығына қауіп жоқ деген сөз. Сондай-ақ, іс-қимылдың аздығынан бегемоттың жүрегіне май басқан көрінеді. Өйткені олар мекендейтін бұл алаңның көлемі де шектеулі.

     Ұлбосын ЫРЫСАЕВА, Шымкент зообағы ветеринария бөлімінің меңгерушісі:

  • Бізде алдыннан айтылған вальдерлер стандартқа сай емес сәл кішілеу. Жүру аз. Бүкіл денесінің барлығы солкүннің ертесіне беккер шұңқырына жіберілген.

      Мұндай диагноз зообақтағы өзге де бегемоттан табылуы əбден мүмкін. Сондықтан оларды алдағы уақытта, Африка зонасына ауыстыру көзделіп отыр.

     Шымкент зообағының келушілері дəл осы Африка зонасына қызығушылық танытып отыр. Десе де мұнда əлі күнге дейін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған зона қай күннен бастап жұмыс істейтіндігі әзірге белгісіз.

     Айта кетсек, жаңа жоба негізінде іске асқалы отырған бұл аймақ үш бөлімнен тұрады. Бүгінде оның 2 бөлімінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Барлығы стандарттық нормаға сай етіліп салынған дейді мамандар. Айта кетсек, өткен жылы мұндатау аймағы іске қосылған болатын.

     Ұлбосын ЫРЫСАЕВА, Шымкент зообағы ветеринария бөлімінің меңгерушісі:

  • Африкасына біз біртіндеп жануарларды көшіріп жатырмыз. Мұнда африкалық жануарлар мекендейді, сондықтан ауа райына байланысты оларды апара алмаймыз.

 

     Мал дəрігерлерінің айтуынша, зообақта орналасқан мына əткеншектер жануарларға зиянын тигізбейді. Өйткені олар мұндай дыбысқа үйреніп қалған.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*