Басты » Редакция таңдауы » «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!»

«МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!»

meni_mamandy-ym_meni_ma-tanyshym

     Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралатын көрінеді.

     Халық арасында танымал, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар. Олар әр қоғамда, қандай жағдай немесе тәртіпте болмасын сұранысқа ие болады. Сол мамандықтардың ішінде заңгерлік те бар. Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын фирмаларда, кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет.

     Заңгер мамандығының сұранысқа ие болуы неліктен?

     Әрине, көп адамдардың заңгер болуға деген құштарлығы бекер емес. Заңгер мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді. 

     Тергеуші, судья болып жұмыс істейтін заңгер қылмыскерге әділ жазасын беру үшін қызмет етсе, прокурор болып қызмет атқаратын заңгер заң бұзған шенеунікті жауапкершілікке тартады.

     Заңгер жұмысы – құқық үшін күрес, ол күрес заңгерлерге үлкен рухани ләззат сыйлайды. 

     Заңгер мамандығының тағы бір жақсы жері – алынған білімді мемлекеттік басқарудың әр саласында: ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистикада пайдалануға болады. Жоғары білікті заңгер – кәсіби қызметте әруақыт қажет. Заңгер мамандығын тәмамдаған шынайы білікті мамандар жоғары интеллектуалды әрі ұйымдастырушылық қабілетке ие болады.

     Қазақстанда заңгер қызмет жасай алатын жұмыс орындарына жататын тізімге назар аударсақ, оларға прокурорлық қызмет, прокурордың көмекшісі, тергеушілер, судья, адвокаттар, юристконсульттар, нотариустар, ішкі істер органдарының жедел іздестірушілері, салық полицейлері, кеден органдарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері, HR менеджерлер, меншіктің барлық нысанында құрылған кәсіпорындардың басшылары жатады. Заңгерлердің кәсіби мүмкіндіктері арнайы құрылымдарға таралады, яғни, олар: сот, құқық қорғау органдары, сонымен қатар, басқарушылық және шаруашылық секторлар. Тәжірибеде көбінесе, заңгерлер өз мамандығы бойынша банктерде, саудада, сақтандыруда, заңды тұлғалардың басшылығында жұмыс істейді. Жаңа жұмыстар жеке кәсіпкерлердің, тұтынушылардың, авторлардың құқықтарын қорғауда, заңсыз бәсекелестіктің алдын алуда, құрылыс пен риелторлық қызметте пайда болады. 

     Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында білікті мамандардың жетіспеушілігі орын алуда. Қылмыстың өсуі әсерінен тергеу аппаратын, соттар санын, прокурорлардың санын ұлғайту мәселесі туындауда. Ал өндіріс аясында жұмыс берушіге тиімді қызмет атқаратын заңгерлер қажет. 

Қалшебай Ә.А.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультетінің 204 топ старостасы

Урисбаева А.А.

Әл-Фараби атындағыҚазҰУ

Заң факультеті, 204 топ эдвайзері

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*