Басты » Редакция таңдауы » “ХАЛЫҚТЫҢ БӘРІ МҮГЕДЕК БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ”

“ХАЛЫҚТЫҢ БӘРІ МҮГЕДЕК БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ”

      Халық ақша үшін мүгедек болғысы келеді. Тұрғындардың шағымын тыңдаған Фарида Оспанова осылай деді. Бірақ, қоғамдық қабылдауға келгендер әсте мұндай жауапты күткен жоқ еді. Бұл сөзге шыдамаған шағымданушылар, енді өз арыздарын министрлікке жолдамақ.

     «Нұр Отан» партиясында өткен қоғамдық қабылдауда, Қалжан Дәрібаев жұбайының жағдайын айтып көмек сұрады. 55 жастағы жары Бәтима Дәрібаева өткен жылдан бері екі аяғын басып жүре алмайтын күйге түсіпті. Денсаулығы тоғыз айдан бері түзелмеген. Жұмысқа шыға алмағандықтан, амалсыз мүгедектікке құжат тураламақ болған.

     Мүгедектік топқа өтудің оңай емес екенін Қалжан Дәрібаев жақсы түсінген. Сондықтан ақшаң болмаса ешқандай тірлігің бітпейді дейді. Оның айтуынша комиссия кедергіні қолдан жасауда.

     Мәселені тыңдауға келген мамандар басты мақсат азаматтарды мүгедек атандыру емес, оны алдымен емдеу екенін түсіндірді. Дегенмен, тоғыз айдан бері таяққа сүйенген Бәтима Дәрібаева бұдан былай да денсаулығының оңалып кетеріне күманданады. Алайда, көпшіліктің көкейіндегі сауалға еңбек әлеуметтік қорғау департаменті басшының орынбасары Фарида Оспанова халықтың ақша үшін ғана мүгедек атанғысы келіп жүргенін айтты.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*