Басты » Редакция таңдауы » ОҚО “ЭКСПО-2017” КӨРМЕСІНЕ ДАЙЫН

ОҚО “ЭКСПО-2017” КӨРМЕСІНЕ ДАЙЫН

     ОҚО «ЭКСПО-2017» көрмесіне сақадай сай. Халықаралық іс-шара кезінде Астана қаласына оңтүстіктен 12 976 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілмек. Бұл шаруаларға 40 жуық кәсіпорын ат салдысатын болады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері осындай мәлімдеме жасады. Жоспарлы жұмыстарды тағы бір пысықтап шығу үшін мамандар аудан қалаларды аралап шықты.

     «Қарқын-2030» серіктестігі Қазығұрт ауданындағы шұғық өнімдерін өндіретін бірегей кәсіпорын. Жоба 2009 жылы іске қосылған. Мұнда «Нәрлен» сауда белгісімен таңбаланған шұғықтың 60 тарта түрі өндіріледі. Мекемеде 80 астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. Өткен жылы 536 тонна өнімді нарыққа шығарған зауыт, «ЭКСПО» көрмесіне 10 тонна тауар жеткізуді жоспарға қойған.

     Халықаралық көрмеге ат салысуға блек сыбанып отырған мекеменің бірі Сайрам ауданындағы «Манкент Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. 2016 жылы құрылған кооператив құрамында 1200 жуық қожалық мүшелікке енген. Серіктестік көкөніс, жеміс-жидек пен дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Жалпы ауданнан «ЭКСПО-ға» 4 мың тонна тауар жеткізілетін болады.

     Күллі әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің басталуына да санаулы күндер қалды. Ал, оңтүстіктен ауыл шаруашылық өнімдерін алып баратын мамандар жолға бүгін шық десе де дайынбыз деп отыр.

     ОҚО «ЭКСПО-2017» көрмесіне 12 976 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу жоспарланған. Тауарды тиісті орынға жеткізу үшін 25 арнайы автокөлік қаралған. Кесте бойынша көліктер Елордаға 6 рет қатынайтын болады. Алғашқы рейс мамырдың 10 күні жолға шығады деген жоспар бар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*