Басты » Білім » ШЫМКЕНТТЕ 1 СЫНЫПҚА БАРАТЫН ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ ЖАҢАША ӘДІСТЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 1 СЫНЫПҚА БАРАТЫН ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ ЖАҢАША ӘДІСТЕ ҚАБЫЛДАНАДЫ

    Шымкентте 1-ші сыныпқа баратын оқушылар енді мектепке электронды түрде тіркелетін болды. Бұл жаңалықты енгізуге қалалық білім бөлімі 8 ай дайындалыпты. Жаңа бағдарламаға сәйкес, енді кез-келген ата-ана бірінші сыныпқа баратын баласының құжатын көтеріп, табан тоздырмайды. Ол үшін арнайы портал жұмыс істейді. Сол арқылы ата-ана перзентінің болашақ мектебінің мекен-жайын, білім сапасын, сыныбын тіпті, ұстазға дейін таңдай алады. Интернет желісі арқылы жұмыс істейтін бағдарлама үйдегі компьютер мен планшеттерге және қарапайым ұялы телефонға оп-оңай көшіріледі. Енді жаңа бастаманы ата-аналарға үйрету үшін білім ұяларында ашық есік күндерін өткізу жоспарланып отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*