Басты » Редакция таңдауы » ҚАТАРЫНАН ЕКІ КҮН ОТҚА ОРАНҒАН ҮЙ

ҚАТАРЫНАН ЕКІ КҮН ОТҚА ОРАНҒАН ҮЙ

Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати мен Нәзір Төреқұлов көшелерінің қиылысында орнасқан үйден өрт шықты. Таңғы уақытта басталған қызыл жалынды алғаш болып көршілері байқаған. Сосын дереу өртке қарсы қызметіне хабар берген. Шақыртумен келіп жеткен төтеншеліктер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтаған. Отқа оранған ғимарат тастанды үй болып шықты. Жақын маңда тұратындардың сөзінше мұндай оқиға бірінші рет орын алып отырған жоқ.

Зайтуна САДВАҚУАСОВА, куәгер

  • Бұл үйден күні кеше ғана өрт шыққан еді. Лапылдаған жалынды көріп өрт сөндіру қызметіне өзім хабарластым. Көп уақыт өтпей үш бірдей өрт сөндіру қызметі мен бірнеше мамандар жұмылдырылды. Жабылып жүріп сөндіріп кеткен болатын. Бүгін тағы қайталанып отыр.

Көршілердің сөзінше бұл жер жекенің меншігінде екен. Жер телімінің иесі жылжымайтын мүлікті сатып алғалы мұнда бас сұқпаған көрінеді. Нәтижесінде бұл жер күл-қоқысқа толса, иісінен тыныс тарылады. Ал, өрттің шығуына үй-күйсіз жүрген жандар себеп болуы мүмкін деген жорамал бар. Себебі, олар осында от жағып жылынатын көрінеді. Жергілікті тұрғындар аталған орынның күл-қоқыстан тазартуды сұрайды, мұндай лас жер аурудың да таралуына сеп болуы мүмкін дейді олар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*