Басты » Редакция таңдауы » ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

dsc_7079

     Қазіргі таңдағы, Елбасы мен Бас Прокурордың бізге қойып отырған талабы халықтың сенімін ақтау. Ал, мұның бірден-бір жолы олардың құқықтарын қорғау. Сондықтан, олардың өтініштерін қарауды созбалаңдыққа салмай, барлық уәждерін тексеріп, оларға толық, сапалы және сауатты жауаптардың дер кезінде берілуін қамтамасыз ету.

     Көрсетілген жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуратурасымен «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасы іске асырылуда.

     Жобаның мақсаты – азаматтардың құқықтарын оларға жан-жақты түсіндіру мақсатында өтініш иелерінің заңнамамен көзделген құқықтары мен мүдделерін қорғалуына консультативтік көмек көрсетіп, жеке және заңды тұлғаларды өтініштерімен жеке қабылдауға қатысты кезекші прокурорлардың жұмыстарын жандандыру арқылы олардың өтініштерін негізсіз көп сатылы қаралуына және созбалаңдыққа салынуына жол бермеу.

     Бұл ретте, кәсіби заңгерлермен азаматтарға шағымдану құқықтарын түсіндіру бағытында жұмыстарды жандандыру қажет.

     Осыған орай, облыс прокуратурасының бастауымен 2017 жылдың 24 мамыр күні сағат 18.00-21.00 аралығында Шымкент қаласы Казыбек би көшесінде орналасқан «Орталық саябақта» «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өткізілді.

     Аталған акцияның мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек пен заң кеңесін беру.

     3 сағатқа созылған акция барысында 350-ден астам азамат білікті заңгер мамандардан құқықтық заңнамалар бойынша тегін құқықтық көмек алды.

     Аталған іс-шараға, «zakon.kz, «Параграф» ақпараттық жүйесінің өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, облыс прокуратурасы, Шымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Шымкент қаласының адвокаттары және заңгерлері қатысты.

     Акцияның барысында азаматтар азаматтық, қылмыстық, тұрғын-үй, жылжымайтын мүлік, сот шешімдерінің орындалуы, мүлікті заңдастыру және т.б.  мәселелер бойынша кеңес алды.

     Өз кезегінде, осындай акциялар арқылы халықтың сауаттылығы артатыны сөзсіз.

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*