Басты » Редакция таңдауы » ЖЕСІР АНА: «БҰЛ ОТБАСЫМЫЗДЫҢ СОҢҒЫ КӨКТЕМІ ШЫҒАР»

ЖЕСІР АНА: «БҰЛ ОТБАСЫМЫЗДЫҢ СОҢҒЫ КӨКТЕМІ ШЫҒАР»

     Жалғызбасты ана мүгедек балаларымен далада қалуы әбден мүмкін. Себебі үйдің қабырғасы үгітіліп құлауға шақ қалған. Қыстың қақаған аязына тоңып, жазға әзер жеткен отбасы енді үйінді астында қаламыз ба деп қорқады. Жығылғанға жұдырық болғандай екі жанұяға арналған үйдің іргетасын көршісі бұзып, баспананы апатты жағдайға жеткізген. Ал, қала билігі бұл жағдайды біле тұра әзірге үнсіз отыр.

     Ұлбала Жұмаділованың баспанасы осы. Қабырғасы қисайып, іргетасы үгітілген мына үйде адам тұрады дегенге сену қиын. Бірақ өлместің күнін кешкен жалғызбасты ананың басқа барар жері жоқ. Балалары болса мүгедек. Олар, күндіз ас суын аулада дайындап- қу тіршілікпен уақыт өткізіп келеді. Ал кешкісін қорқынышты үйде түнеп шығады. Шайқатылып әзер тұрған қабырға қашан басып қалады деп алаңдауда.

     Ұлбала ЖҰМАДІЛОВА жалғызбасты ана

     – Мен ешқайда арызданған жоқпын. Кейінгі уақытта Нұр Отанға барып едік, әй ештеңе болмайды деп шығарып салды. Акиматқа айтып едік ойбай сендер ештеңе істей алмайсыңдар, оның документі тура, сендердікі тура емес деп.

     6 ай бұрын үйдің қабырғасы сөгіле бастаған. Жесір ана негізгі себептің бірін Жібек жолы даңғылындағы құрылыс жұмыстарынан көреді. Өйткені көшеден аққан жаңбырдың суы, осы жаққа құйылатын еді дейді. Ал арық-атызды жақында ғана орнатыпты. Ұлбала апа, көршісіне де қатты өкпелі. Айтуынша дәріхана тұрғызу үшін үйдің дәл ортасынан бөліп тастаған.

     Ұлбала ЖҰМАДІЛОВА жалғызбасты ана

     – Бұған дейін бұл жерде магазин болған. Сосын еурофарма болды. Кейін оны бұздырдрып мына жақтан салып жатыр. Бізді былай итеріп ортаны ашық қылып тастады. Енді сол жерден жаңбыр суы кіреді. Бұл аз дегендей.

     Осы жағдайға қатысты не аудан әкімдігінен не қала билігінен ақпарат ала алмадық. Ақ жағалылар бір-біріне сілтеуден еш шаршамады. Тіпті кәсіпкерге құрылыс салуға рұқсатты кімнің бергеніде жұмбақ күйінде қалды. Тілшілерден тыным болмаған соң, Қаратау ауданы әкімдігі ақыры жауап беруге келісті. Бір қызығы сұхбаттасуға мемлекеттік қызметкер емес, ауыл биі келді.

     – Сіз әкімшіліктің тірлігіне араласа алмайсыз ғой көке, мен сізден не деп аламын? – Мен сол ауылдың биімін.

     – Сіз жерді үлестіріп бере аласыз ба?

     – Жоқ мен жерді үлестіріп бере алмаймын.

     – Енді маған не дейсіз? – Хорошо алмасың өзің біл.

     Қысқасы осылай. Ешкім жауапкершілікті мойнына алғысы келмейді. Ал жесір анаға жаны ашып жатқандар шамалы. Ұлбала Жұмаділованың ендігі арманы біреу. Екі баламмен бірге, үйінді астында қалып кетпесем екен деп жатсада тұрсада тілейді.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

бір пікір

  1. Шымкент қаласы Жибек жолы даңғылының күрделі жөндеу жумыстары, Күншығыс мкр. нан Таскент т.у.алабына дейнги, аракашыктыктын Жондеу жумыстары, Заң талабына сәйкес емес, және де Қазақстан Республикасының Констутциясын қайшы келеді, Себебі Жибек жолы бойында орналасқан, тұрғын үйт тұрғындарының Конституциялық құқықтарын ҚАТАҢ бұзып жатыр. Ал бйликтегилер қара халықтарының әл ауқатына жумыстары жоқ. Қаншама КР-сы азаматы, осы жөндеу жумыстары жүріп жатқан, Жибек жолы даңғылы бойында қаза болды. Себебі жаяау жүргіншілер отпелиси, КР Жол жүру ережелерге сәйкес емес.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*