Басты » Редакция таңдауы » ОҚО ОРТАЛЫҚ МЕШІТ ИМАМЫНЫҢ БАСЫН АЙНАЛДЫРМАҚ БОЛҒАН ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІ ҰСТАЛДЫ

ОҚО ОРТАЛЫҚ МЕШІТ ИМАМЫНЫҢ БАСЫН АЙНАЛДЫРМАҚ БОЛҒАН ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІ ҰСТАЛДЫ

     Өңірімізде жыл басынан бері заңсыз миссионерлік қызметті жүзеге асыру бойынша 7 дерек тіркелген. Заңды елемеген азаматтың әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Тіркелген деректің 4- і иегова куәгерлері діни бірлестігінің белсенді мүшелері болып шықты.

     «Ехоба куәгерлері» діни бірлестігінің белсенді мүшелері, өздерінің діндерін насихаттап, ОҚО өкіл имамының орынбасары Мұсабек Ақтамбердінің үйіне де барған. Мұсабек мырзаны өздерінің қатарына қосуға шақырыпты. Діни бірлестіктің бұл әрекетіне ашуланған Мұсабек Ақтамберді бірден 102 нөміріне хабарласып, құқық қорғау орган өкілдерін шақырыпты.

     Мұсабек АҚТАМБЕРДІ, Облыстық өкіл имамның орынбасары

  • Сол құқық қорғау орган өкілдері келді. Келгеннен кейін мен және сол кісі бөлімшеге бардық. Мен шағымдандым, және де түсініктеме бердім. Ол кісі де солай жасады. Кейін біздер аудандық ішкі істер басқармасына бардық. Мен шағымымды, болған әрекеттің барлығын жеткіздім. Кейін іс сотқа дейін барды. Қалалық әкімшілік сотта қаралды.

     Соттың қорытындысы бойынша «Ехоба куәгерлерінің» белсенді мүшесі Батыр Жанабековке еліміздің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490 бабының 3 тармағына сәйкес, 226 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері облыста заңсыз миссионерлік қызметті жүзеге асыру бойынша 7 азаматтың іс әрекеті анықталған. Оларға әкімшілік шара қолданған.

     Қайрат АБУОВ, ОҚО дін істері басқармасының бас маманы

  • Бұл азаматтар өздерінің дінін заңсыз түрде үйлерді аралап, халық көп орналасқан және де, тұрмыстық жағдайы төмен болған үйлерді аралап, діни уағыз жүргізеді. Сондықтан халық заңды білмегендіктен, заңсыз діни уағыз жүргізуіне байланысты дінге кіріп кетіп жатады.

     Діни бірлестіктің мүшелері заң бойынша  насихат жұмыстарын тек белгіленген мекемеде жүргізуі қажет. Бүгінде өздерін ехоба куәгерлері деп таныстыратын азаматтар үйлерді аралап  ресми сайттарымен таныстыруда.Ал, мұндай заңсыз әрекетке тап болған кез келген тұрғын 102 нөміріне хабарласып шағымдана алады.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*