Басты » Редакция таңдауы » ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ЖОЛАҒЫНА ЖАРЫМАҒАН ВОКЗАЛ

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ЖОЛАҒЫНА ЖАРЫМАҒАН ВОКЗАЛ

Қала халқы темір жол вокзалындағы айналма жолдан жанымызды шүбереке түйіп өтеміз дейді. Өйткені бір емес бірнеше мәрте адамдар көлік астында қалған. Осындай оқыс жағдайларды айтып шырылдаған көпшілік, жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолақтың сызылмағанына наразылықтарын білдірді. Әрі жер асты өткелі жабылып қалған деп ашуға булығып отыр.

     Қаладағы бетке тұтар әлеуметтік нысандарының бірі темір жол вокзалы. Мұнда күн сайын қонақ болып келіп, алыс-алыс жерлерге сапар шегетіндер де бар. Демек, бұл мекен халық көп жүретін орын. Бірақ, аталған мекенннің қауіпті екеніне ешкім бас қатырмайды. Бұл сөзіміздің өзіндік себебі бар. Өйткені қаптаған көліктермен қабаттаса жолдың келесі бетіне жаныңызды шүбекке түйіп өтесіз. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың болмағанынан әрине. Бұл сөзімізді Нұргүл Манабаева қуаттайды.

     Халықтың қауіпсіздігі үшін салынатын жер асты жолдарының құрылысына жауапты мекеме, қолданысқа бергеннен кейін оның жай-күйне жауап бермейтінін жеткізді. Ал, бұл мәселеге тікелей қатысы бар тұрғын үй комуналдық шаруашылық бөлімінің басшылары, жақын арада қолданысқа берілмейді деп отыр. Өйткені, жер асты өткелін ашса, баспанасы жоқ адамдардың мекеніне айналып кететін көрінеді.

     Жығылғанға жұдырық болғандай, мына жер асты өткелінің есігі күндіз-түні тас жабық. Тіпті іші әжетханаға айналған. Исі қолқаны қабады.

Бағдат ҮЙСІНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*