Басты » Редакция таңдауы » ҚАЛАДА ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН БАҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ҚАЛАДА ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН БАҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

      Тұрғындарға қалада үй жануарларын бағуға тыйым салынатын болды. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді. Ол көшелердегі көгалдарға төрт түліктерді жаю шаһардың шырайын кетіреді деп санайды. Талапқа бағынбаған шархардағы шаруаларға шара көріледі.

Көктем шыққалы қаладағы 300 астам көшеге тазарту жұмыстары жүргізілген. 6 су арналары мен өзендер және 566 шақырымды құрайтын иригациялық жүйелер қоқыстан тазартылған. Саябақтар мен аллеяларды көгалдандыру шаруалары да тиісті деңгейде атқарылыпты. Қаланың тазалығына жауапты тұрғын үй коммуналдық – шаруашылық бөлімінің басшысы осындай ақпарларымен бөлісті.

     Нұрлан БЕКТҰРСЫНОВқалалық тұрғын үй коммуналдықшаруашылық бөлімінің басшысы:

  • Шымкент қаласының орталық көшелеріндегі 114 гектар газондарды, 48 850 дана жаңадан егілген ағаштар көшеттерін, 14 528 жазғы гүл және раушан гүлдерін күтіп ұстауға жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, әуежай бағытындағы алаңы 32 000  жерге гүлзарлар құру жұмыстары атқарылды.

     Нұрлан Қарабалаұлының есебі өзі басқарып отырған салаға бөлінген қаржыны тиісті деңгейде, жоспар бойынша орындап жатырмыз деген сөзге бай болды. Алайда, қала әкімі атқарылған шаруаларға көңілі толмайтынын жеткізді. Бұл жұмыстың жүйесіздігін көрсетеді деген әкім, «айтпаса істемейсіңдер, түртпесе көрмейсіңдер» деп жауаптыларды сынап тастады.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі:

  • Сіздің басқарып отырған сала өте үлкен. Бәрін бес минуттың ішінде айтып шықтыңыз. Мен ойлаймын сіздердің жасап отырған жұмыстарыңыз тұрғындарды қанағаттандырмайды. Бұл мені де қанағаттандырмайды. Сіздердің жұмыстарыңыз бір жүйеге қойылмаған. Көп жұмысты сіздер ұрысайқай, жиналыстан кейін істейсіздер.

Қаланың тазалығына арналған жиында шахардың шырайына нұқсан келтіретін салдар да әңгіме арқауына айналды. Соның бірі тұрғындардың қала көшелерінде үй жануарларын бағып жүруі. Бұл қаланың санитарлық тазалығы мен экологиялық ахуалына кері әсерін тигізеді – деді қала әкімі. Мәселенің алдын алу үшін қалалық маслихаттың шешімімен «үйлерде жануарларды бағып-қағу туралы» ереже де қабылданыпты.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі:

  • Үй жануарын асырағандықтан қалада шыбыншіркей қаптап, ауа тарылады. Халық осыны түсінсе деймін. Әрбір тұрғын осыны білу керек. Мал соятын азаматтар, малдарын шығару керек қаланың сыртына. Басқа азаматтар осындай жағдайға куә болса, бізге жедел ақпарат берсін. Біз қағиданы орындамай жатқан тұрғындарға шара қолданамыз.

Әкім жаңа бастамамен халықты құлақтандыру үшін бір ай уақыт берді. Осы аралықта мал бағып, соятын тұрғындар төрт түліктерін қала сыртына шығарып үлгерулері керек. Талапқа мойынсынбағандарға шара көріледі. Бұл іс қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірханға тапсырылды. Сондай-ақ, кімде-кім көшеде мал жайып отырғандарды көрген білгендер болса, тиісті орынға шағымдануға болатынын жеткізді.

Қанат БАЙСОВ

 

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*