Басты » Редакция таңдауы » ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕНІНЕ ЕКІ-АҚ ЖЫЛ БОЛҒАН СПОРТ КЕШЕНІ АЯНЫШТЫ КҮЙГЕ ТҮСКЕН

ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕНІНЕ ЕКІ-АҚ ЖЫЛ БОЛҒАН СПОРТ КЕШЕНІ АЯНЫШТЫ КҮЙГЕ ТҮСКЕН

     Іргетасы екі жыл бұрын қаланған еліміздегі жалғыз спорт кешені қираудың аз-ақ алдында тұр. Су және ескек есу түрлері үшін әмбебап оқу-жаттығу базасы 2015 жылдың қазанында іске қосылған болатын. Содан бері талай спортшыларды жарысқа дайындауға  мүмкіндік берген орталықтың бүгінде едендері босап, есік терезелері ажырап, қабырғалары сөгілуде. Мердігерлер мен құрылысшылардан қайыр таппаған Кешеннің әкімшілігі енді телеарна арқылы үн қатуды жөн көрген. Осылайша талайдан бері түйіні тарқамай келе жатқан мәселені шешуді алға қойып отыр.

     Көпшілік асыға күткен кешен салтанатты түрде осыдан екі жыл бұрын ашылған болатын. 100 адамға шақталған ғимараттта өңір ғана емес ел құрамасының спортшылары дайындалуға арналған.  Осындай мақсатта бой көтерген еліміздегі жалғыз Су және ескек есу түрлері үшін әмбебап оқу-жаттығу базасының қуанышы ұзаққа бармады. Бүгінгі таңда жаңа құрылыстың қабырғалары үгітіліп, Сыртымен ғана емес іші де қирандыға айналып үлгерген. Мәселен едендегі кафельдер көтеріліп жатса, есік-терезелерде саңылау пайда болыпты. Маусымның барлық кезеңінде жұмыс жасап жатқан қонақ үйде спортшылар суық күні жел кіретін жерлерді скочпен жауып амалдаған екен.

     Сыртқы көрінісі көз тартпайтын орталықтың мұңы мұнымен бітпейді. Қонақ үйден бөлек кешенде жылу қазандығы да істен шыққан. Темірлері жұқарған қазандықты қосқан күні оның қырық жамау тесігінен бөлек өзі де жарылуы ғажап емес. Осындай күрделі мәселелердің шешемін тапқысы келген басшылық өкілдері мердігерлердің сөздеріне құлақ аспай жүргенін айтады. Бар кінәні жылу қазандығына жауапты маманға артқан құрылысшылар осы күнге дейін орталыққа 20 рет келіп өнімсіз іс атқарыпты.

     Азамат ЧУЛАКОВ, оператор кательщик:

  • Барлық қателерін тізбектеп шағымданғанымызда 29 мамырға дейін жөндеуді аяқтауға сөз беріп хат жолдаған болатын. Ия олар келуін келді. Бір аптадан артық уақыт осында болды. Бірақ келген жұмысшылар ештеңені мардымды жасамады. Яғни қалпына келген бір нәрсені де көрген жоқпыз. Нәтижесіз жұмыстың осынша уақытқа созылып кеткені өкінішті. Себебі аз уақыттан кейін спортшылар қайта осы орталыққа жиналып, күз айында жаттығуды бастайды.

     Ал, мердігерлер бұл орайда өздеріне еш кінә артып отырған жоқ. Аталмыш ғимаратты облыстың спорт және дене шынықтыру басқармасына екі рет тапсырдық деген олар, орталыққа дұрыс күтім жасалмағанын айтып ақталуда. Бірақ кеткен қателіктерді түзетеміз деген құрылысшылар күздің соңына дейін қайта жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр екен.

     Іргетасынан бастап шатырына дейін мүшкіл халде тұрған базаны жауаптылар қыркүйекке дейін қалыпқа келтіруге уәде берді. Себебі елеміздегі ең мықтылардың көшін бастап тұрған оңтүстік ескек есу шеберлері, күзде  жаңа маусымды бастайтын болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*