Басты » Редакция таңдауы » КӨМЕШБҰЛАҚТА ҚЫЗ ЖОҒАЛДЫ

КӨМЕШБҰЛАҚТА ҚЫЗ ЖОҒАЛДЫ

Көмешбұлақ ауылында 9 сынып оқушысы жоғалып кетті. 20 қаңтар күні мектептен сұранып үйіне кеткен қызды сол күннен бері ешкім көрмеген. Ал, меткеп директоры болса із түзсіз кеткен Гүлнұр Өміртаеваның бұрын мұндай қылығын байқамағанын айтады. Сабақ үлгерімі орташа қыз ешқашан тәртіпсіздігімен көзге түспеген.

     Ойда жоқта қызынан көз жазып қалған Сәуле Өміртаева соңғы кездері қызының мінезі өзгергендігін айтады. Оған қыздың телефонына келген хабарлама себеп дейді. Өйткені қыздың әлеуметтік желілер арқылы сөйлесіп жүрген жігіті оны 1 аптаның ішінде алып қашамын деп хабарлама жіберіпті. Ал, оқиға орын алған күні Гүлнұр інісін мектепке алып барып, өзі де сабаққа қатысуы керек болған. Алайда, ол ұстазынан үйіне қайтаруын сұранған. Ал, қалтасында анасы сүтке деп қалдырған 500 теңге ақшасы болыпты. Ал, мектеп басшысының орынбасары болса, Гүлнұрдың талай рет алдына келіп, өзін балалар үйіне өткізіп жіберуін өтініпті. Сонымен қатар қыздың мінезі де тұйық болған, ешкіммен етене араласпайтын деседі. Сыныптастары құрбыларының мінезінен еш өзгеріс байқамаған. Айтуыларынша ол сыныпқа жаңадан ауысып келіпті. Сондықтан да етене араласып, сырласып жүрген құрбысы болмаған. Осылайша ешбір хабарсыз кеткен Гүлнұрды бірен-сараң көрдік деген сыбыстар бар. Дегенмен, аяғынан тік тұрған тәртіп сақшылары бүгінмен үшінші күн іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, мектеп ұжымы ауыл адамдарымен еріктілер де жұмылған жұдырықша Гүлнұрды іздеуге кіріскен. Алайда, әзірге еш нәтиже жоқ. Ал, әлеуметтік желілер арқылы танысқан жігіті болса, қыздың сол күні оған келгенін растап отыр. Бірақ, Гүлнұрдың қазір қайда екенінен ол да бейхабар.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*