Басты » Редакция таңдауы » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР “ПРЕМИЯ СНГ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР “ПРЕМИЯ СНГ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСАДЫ

     Қазақстандық 3 компания «Премия СНГ» байқауына қатысу жолдамасына қол жеткізді. Соның екеуі оңтүстік қазақстан облысына тиесілі. Жоғары технологиямен жұмыс жасайтын мекемелер қатарына «Ордабасы Құс» және «Карлскрона» серіктестіктері енген. Екі жылда бір-ақ рет өткізілетін жобаға отандық компаниялардың қатысуының өзі зор мәртебе. Бүгінде мекемелердің конкурқа қатысуға қаншалықты лайықты екенін Ресей мен Беларус елдерінен арнайы халықаралық сарапшылар анықтау үстінде. 

    «Карлскрона» серіктестігі Қазақстандағы металл өндірумен, машина жасаумен және инжинирингпен айналысатын бірегей компания. 2003 жылы құрылған мекеме бүгінде сұйықтық соратын, электротехникалық, стандартқа келмейтін құрылғылар өндірумен де айналысады. Нарықтық сұранысқа байланысты өнім түрлерін көбейту  өндіріс орнының негізгі қағидаттарының бірі.

Диана ДҮЙСЕНБЕКОВА, «KARLSKRONA LS AB» ЖШС маманы

  • 2016 жылдың қарашасынан бастап компания өздеріне ғана тиесілі құйылмалы өнім шығара бастады. Жылына 3 700 тоннаға дейін өндірілетін өнім насосты жабдықтардың корпустық бөлшектерін құйюға пайдаланылады. Бізден шығып жатқан бұл өнімдер ТМД және алыс шетелдік тауарлармен де бәсекелесе алатындай сапада жасалады.

     Сертификатталған жоғары сапалы өнім өндіретін мекеме, «Қазақстанның үздік тауары», «Алтын сапа» сынды конкурстарға қатысқан. Ел аумағында өткізілген байқауда үздік нәтиже көрсеткен серіктестік енді халықаралық «Премия СНГ» жобасына қатысуға ниеттеніп отыр. Онда ТМД елдерінің үздік деген түрлі саладағы кәсіпорындар мен мекемелер қызмет көрсету мен тауар сапасына қарай сайысқа түсетін болады.

Ирина ЗАИКА, халықаралық сарапшы

  • Байқау барысында компаниялардың өндіретін тауарының сапасы ғана сынға алынбайды. Ол тауарды қандай жағдайда шығарады. Кім, қандай әдіспен өндіреді. Қалай басқарылады, сондай-ақ тұтынушылармен кері байланыс қалай? Осының барлығы салыстырыла келе жеңімпаз мекеме анықталады.

      Үздіктер ғана бақ сынайтын жобаға қатысу туралы ұсынысты серіктестікке ОҚО Кәсіпкерлер палатасы білдірген. Себебі, бірнеше додаларда топ жарған мекеме халықаралық конкурсқа қатысуға әбден лайықты дейді мамандар.

Айдана БЕЙСЕБЕКОВА, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының маманы

  • «Премия СНГ» жобасына оңтүстік қазақстан тұңғыш рет қатысып отыр деп айтуға болады. Жалпы биылғы жылы республикадан 2 компания қатысып отыр, оның екеуі де біздің өңірімізге тиесілі. «Ордабасы ҚҰС» және «Карлскрона» мекемелері. Бұл біз үшін мақтаныш.

     Аталған байқау 2 жыл сайын өткізіліп отырады. Жобаның мақсаты ТМД елдері арасындағы ірі өндіріс орындары арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту арқылы, тауардың сапасын арттыру.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*